«Коллаборативті әдісті оқу процесіне енгізу тәжірибесі және болашағы» тақырыбындағы ғылыми семинар

04.04.2024 жылы Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ шығыстану факультеті шығыс филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, ф.ғ.д. Дәулет Ф. Н. «Коллаборативті әдісті оқу процесіне енгізу тәжірибесі және болашағы» тақырыбындағы ғылыми семинар өткізді. Бұл іс-шараға шығыстану факультетінің оқытушылары, «Шетел филологиясы» білім беру бағдарламасының 2 курс және 4 курс студенттері, «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері қатысты.  Семинар барысында қытай тілі және аударма пәнін өткізудегі тиімді тәсілдер туралы сөз қозғалды.

Профессор, ф.ғ.д. Дәулет Ф. Н. неше түрлі педагогикалық технология тәсілін қолдана отырып, қазіргі таңда білікті маман дайындауда жеке тұлғаны тәрбиелеудің зор маңызын атап өтті. Сондай-ақ Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының 1 курс  магистранттары Саденова А.С., Ван Линлин «Кезектес аударманың лексико-грамматикалық аспектілері» атты тақырыпта қызықты баяндама жасап, тәжірбиелерімен бөлісті.  Қос университеттің ғалымдары мен студенттері бас қосқан кезекті іс-шарада қызықты сұрақтардың шешімі қызу талқыланды. Сөз соңында семинарды ұйымдастырушы ф.ғ.к., қауым. профессор Кенжебаева А.А. келген қонақтарға алғыс білдіріп, ал шығыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі, профессор, ф.ғ.к. Бүркітбай Г.Ж. арнайы сый-сияпатын тапсырды.

Печать