2025 жылдың 12 қарашасында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде «Жаһандық өзгерістер жағдайындағы ғылым мен білімнің өзекті мәселелері» атты XII Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
.jpg)
Конференцияның мақсаты ғылым мен білім берудегі өзекті мәселелерді және жаһандық өзгерістер контексіндегі жоғары білім берудің сапасын қамтамасыз етуді талқылау болды.
Конференция жұмысының негізгі тақырыптық бағыттары келесідей болды:
- Шеттілдік білім берудің когнитивті-мәдениеттанымдық әдіспамасы негізіндегі біліктілік моделінінің қазіргі шеттілдік білім беру парадигмасы.
- Шет тілді білім берудегі кәсіби-коммуникативтік қарым-қатынас және жасанды интеллект.
- Қазіргі заманғы лингвистика мен аударманың өзекті мәселелері.
- Жаһандық өзгерістер жағдайындағы қазіргі Шығыс: тіл, мәдениет, саясат.
- Болашақтың технологиялары: ЖИ және АКТ білім мен ғылымдағы дамушы факторлар ретінде.
- Қазіргі әлемдегі стратегиялық басқару және коммуникация: сын-қатерлері мен болашағы.
- Қазіргі заманғы әлемнің сын-қатерлері мен қауіп-қатерлері және экономика мен құқықтың өзекті үрдістері.
Конференцияға ғылымның әртүрлі салаларындағы шетелдік және отандық ғалымдар мен зерттеушілер қатысты.
Іс-шараның негізгі тақырыбы - жедел технологиялық прогресс дәуірінде қоғамдар алдында тұрған жаһандық қиындықтарға инновациялық шешімдер мен жаңа тәсілдерді талқылау болды.
Конференцияның жалпы отырысында Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ профессорлары: п. ғ. д., профессор А.Т. Чакликова және п.ғ.д. Т.А. Кулгилдинова. п.ғ.д., профессор Мизамхан Б., с.ғ.к., профессор Кагазбаева Е.М., т.ғ.д., профессор Шайморданова З.Д., философия докторы (PhD), профессор Асанова Г.С., ф.ғ.м. Сексенбаева С.М. және халықаралық серіктес университеттердің профессорлары, соның ішінде Англияның Престон қаласындағы Ланкашир университетінің доценті О.М. Табачникова, Болгарияның Бургас еркін университетінің профессоры Ицка Дерижан, Испанияның Мадрид қаласындағы Алькала университетінің Франклин институтының профессоры доктор Хесус Гарсия Лаборда және Словакияның Нитра қаласындағы Константин Философ университетінің доценті философия докторы (PhD) Эдита Горначкова Клапицова баяндамалар жасады.
Баяндама тақырыптары соншалықты қызықты және өзекті болды, сондықтан тыңдаушылар конференция барысында ғылыми талқылауларға толықтай еніп кетті. Конференцияға магистранттар мен докторанттарды қоса алғанда, жас ғалымдар да қатысты.
Түскі астан кейін конференция жеті секцияда жалғасты.
«Жаһандық өзгерістер жағдайындағы ғылым мен білімнің өзекті мәселелері» атты XII Халықаралық ғылыми-практикалық конференция білім мен тәжірибе алмасу және халықаралық байланыстарды нығайту үшін маңызды платформаға айналды. Конференцияға қатысушылар болашақта жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға және қоғамымыздың жарқын және тұрақты болашаққа қарай жылжуына мүмкіндік беретін осындай іс-шараларды өткізуге үміт білдірді.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру басқармасы