2025 жылдың 27 қарашасында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің «Халықаралық бизнес» кафедрасы Қазақстанның ЖОО студенттері үшін «Бизнес-жоспарлау» пәні бойынша өңірлік студенттік конкурсты ұйымдастырды. Байқау 041 – Бизнес және басқару білім беру бағдарламасы аясында өтті.

Өткізу форматы:
- Тілдері: қазақ және орыс
- Форматы: оффлайн және онлайн
- Қатысушылар: «041 – Бизнес және басқару» мамандығының 3–4 курс студенттері
Конкурс екі кезеңнен тұрды:
1-кезең – Ішкі іріктеу
ЖОО-ларда бизнес-жобалардың дайындық және алдын ала қорғалуы өтті. Нәтижесінде өңірлік кезеңге қатысатын командалар іріктелді.
2-кезең – Өңірлік жоба қорғау
Өңірлік кезең 2025 ж. 27 қарашада ҚазХҚжӘТУ базасында өтті. Қатысушылар бизнес-жоспарларын сарапшылар алқасының алдында қорғап, сұрақтарға жауап берді және идеяларының инновациялық және практикалық маңыздылығын көрсетті.
Қазылар алқасының құрамы:
Төрайым: Эльмира Тогельбаевна Ауэзова — «Атамекен» ҰКП білім және денсаулық сақтау салалары бойынша салалық кеңес төрайымы
Комиссия мүшелері:
- Astana Hub — IT-стартаптардың халықаралық технопаркі
- Almaty Hub — Алматы қаласы цифрландыру басқармасы жанындағы өңірлік орталық
- MOST Business Incubator
- BRICS Allians – Тимур Гайллолаевич Мұқтарканов
- MEAS Group ЖШС – бизнес-тренер Евгения Шефер

Ұйымдастыру комитеті:
- А.А. Акпарова – Ғылыми зерттеу және студенттік ғылыми зерттеу жұмыстарының жетекшісі (ХҚҚБФ), экономика ғылымдарының кандидаты (PhD), профессор
- Ж.И. Сариева – «Халықаралық бизнестің трендтері» жобасының жетекшісі, экономика ғылымдарының кандидаты (PhD), профессор
- А.Ю. Абинова – «StartUp» зертханасының жетекшісі, экономика ғылымдарының кандидаты (PhD), қауымдастырылған профессор
- Е.Б. Отынбай – «Бизнес-жоспарлау» пәнінің оқытушысы, эксперт және тренер, экономика магистрі, аға оқытушы
Қатысқан жоғары оқу орындары:
Конкурсқа Қазақстанның жетекші ЖОО-ларынан 13 команда қатысты:
- «Астана» Халықаралық университеті
- Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ENU)
- «Шәкәрім университеті» (Семей)
- Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті (UIB)

Жеңімпаздар:
- ГРАН-ПРИ: «QuickFix» командасы (ҚазХҚжӘТУ, «Халықаралық бизнес»)
- I ОРЫН: «Repair» командасы (ҚазХҚжӘТУ, ОП «Халықаралық бизнес»)
- II ОРЫН: «AI Stylist» командасы (ҚазХҚжӘТУ, ОП «Халықаралық бизнес»)
- III ОРЫН: «CricketOne» командасы (ҚазХҚжӘТУ, ОП «Халықаралық бизнес»)
Номинациялар:
- Mind Spark — Ең үздік әлеуметтік бастама (Social Impact) (ЕНУ)
- EcoVision — Ең үздік өңірлік жоба («Астана» Халықаралық университеті)
- СИНЕРГИЯ — Әлеуметтік маңызды жобаны көптілді қорғағаны үшін («Шәкәрім университеті»)
- QuickFix — Ең үздік презентация және жоба қорғау (ҚазХҚжӘТУ)
- CricketOne — Ең инновациялық бизнес-идея (ҚазХҚжӘТУ)