«Жаһандық экономикалдық әріптестік контекстіндегі Трансұлттық жобалар: жаңа бағдарлар» атты дөңгелек үстел

Сіздерді Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, 2017 жылдың 11 мамырында матрицалық бағдарлама негізінде докторантар, магистранттар және жас ғалымдар арасында өтетін «Жаһандық экономикалдық әріптестік контекстіндегі Трансұлттық жобалар: жаңа бағдарлар» атты дөңгелек үстелге қатысуға шақырады.

Іс-шараның басты мақсаты «Халықаралық координат жүйесіндегі Қазақстан және зерттеу проблемалары»  атты магистерлік матрицалық бағдарламада жаһандану жағдайындағы экономикалық әріптестік, трансұлттық жобалар проблемасын зерттеу негізінде  жинақталған тәжирибе мен тиімді жолдар мен әдістемелерді қарастыру болып табылады.

Жұмыс түрі: іштей және сырттай.

Өтініштерді және материалдарды ұсыну тәртібі: 2017 жылдың 5  мамырына дейін өтініштер, ұйымдастырушылық жарна мен қатысушылардың ғылыми еңбектері қабылданады.

Қатысушылар үшін ұйымдастыру жарнасы  1000 теңге 

Жинақты жіберу қарастырылмаған.

Дөңгелек үстел жұмысының тілдері: қазақ, орыс, ағылшын. 

Ұйымдастыру жарнасы төленген түбіртектің сканерленген көшірмесі, мақала және қатысушының өтінішін ұйымдастыру комитетінің жауапты хатшысы Байсадахова Индира Уалихановқызына This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық пошта арқылы жіберулеріңізді өтінеміз.

Толығырақ

Печать