НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУ БАЙҚАУЫ (РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫ ЕСЕБІНЕН)

2019 жылғы академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған ҚР БҒМ 17 қаңтар 2019 жылғы №18 бұйрығын орындау мақсатында Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ хабарлайды! 2019 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен Еуропа елдері қатарынан ЖОО-серіктестерімен студенттермен алмасу бағдарламалары бойынша барша ниет білдірген бакалавриат студенттеріне байқау ашық деп жариялайды!

Байқауға қатысу үшін қажетті құжаттар (міндетті түрде):

  1. Паспорттың түрлі-түсті көшірмесі (+ түрлі-түссіз көшірмесі);
  2. №082/у нысаны бойынша медициналық анықтама (шетелге шығушылар үшін)
  3. Ағымдағы үлгерімі туралы транскрипт (қол және мөр қойылған) – Студенттерге қызмет көрсету орталығынан алынады
  4. IELTS сертификаты (немесе TOEFL, PDT-да ескеріледі) – түпнұсқа+көшірме

*егер тілдік сертификат болмаған жағдайда, студент шетелдік университеттен өзінің шет тілі деңгейімен алдын-ала қабылдауға келісімін беру туралы ресми хатты ұсына алады

  1. Байқауға қатысу үшін өтініш нысан бойынша (қосымшада деканның және кафедра меңгерушісінің қолдары жеткілікті).
  2. 18 жасқа толмаған үміткерлер үшін ата-аналарының (заңды өкілдерінің) жазбаша келісімі

Байқауға ТЕК қана 1, 2, 3 курс бакалавриат студенттері қатыса алады.

Жоғарыда көрсетілген құжаттардың толық пакетін студент оқу басқармасының  халықаралық бағдарламалар бөліміне 2019 жылдың 16 ақпаны, сағат 14:00-ге дейін тапсыруы тиіс. (№1 оқу ғимараты, 112 кабинет)

Байланыс телефоны: +77754536425 (Шамилов Мурад Фуриддинович)

E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Печать