2019 жылдың 10 сәуірінен бастап 22 сәуіріне дейін «Туган жер: путешествие по родным краям» байқауы өткізіледі

Құрметті студенттер!

2019 жылдың 10 сәуірінен бастап 22 сәуіріне дейін «Туган жер: путешествие по родным краям» байқауы өткізіледі. Ежелгі Қазақстанның қалалары мен мәдени ескерткіштерін аралап, еліміздің тарихымен және мәдениетімен танысу мүмкіндігіңіз бар. Жеңімпаздар белсенді табиғат демалысты және ойын-сауық бағдарламаларын тамашалай алады.

Байқаудың бірінші кезеңі - Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарына сапар.

Түркістан аймағына саяхат 2019 жылдың мамырдың 4-нен 10-на дейін жоспарланған. Бағдарлама барысында Домалақ-ата, Қос-Ана кесенелерін, Ақмешіт үңгірі, Боралдай петроглифтері, Қазығұрт, Адам және Ева тау жыныстары, көне қала Сауран, Арыстан баба кесенелері және Х.А. Яссауи, сондай-ақ Ақсу-Жабағылы қорықтарына бару қамытылған.

Батыс Қазақстан облысына саяхат 2019 жылғы маусымның 10-нан 18-не дейін жоспарланып отыр. Бағдарламада Орал қаласына экскурсия, Е.Пугачевтің үй мұражайы, «Алаш орда», «Жәңгір хан», «Рухани жаңғыру» мұражайы, Бөкей ордасымен танысу сондай-ақ спорттық ойындар, дискотека, Шалқар көлінде дем алу және қайықта серуендеу қарастырылған.

Байқауға 16 жастан асқан Қазақстан Республикасының колледждері мен жоғары оқу орындарының студенттері шақырылады.

Байқау шарттары:

22 сәуірге дейін (қоса алғанда), бізге «Неліктен мен?» тақырыбында бейнежазба жіберіңіз. 1-2 минут аралығында «Неге мен Түркістанға немесе Оралға баруым керек?» деген сұраққа жауап беріңіз, өз шығармашылығыңызды, жасампаздығыңызды, тарихи және мәдени біліктілігіңізді көрсетіп еркін билетке қол жеткізіңіз!

Сіз бейнежазбаны This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық поштасына жіберіп немесе өз әлеуметтік желіңізде(Fb, Instagram) жариялай аласыз, қосымша ретіңде «Almaty Nomad» туристік клубының парақшасына жазылып, #almatynomads хэштегін белгілей аласыз.

Әр турға 15 қатысушы таңдалады. Тамақтану,туратын жер және трансфер бойынша барлық шығындарды Ұйымдастыру комитеті өзіне алады.

Байқау жеңімпаздарын 25 сәуірде жариялаймыз!Алға!

 

Печать