"Кешкі кездесу" ("Еуразия" телеарнасы) бағдарламасының жүргізушісі, блогер Аман Тасығанмен кездесу

Құрметті студенттер мен оқытушылар!

          Бүгін, 3 желтоқсан 2019 жылы сағат 15:00-де университетіміздің конференц ("көк"-синий) залында "Кешкі кездесу" ("Еуразия" телеарнасы) бағдарламасының жүргізушісі, блогер Аман Тасығанмен "Мультимедиялық журналист" тақырыбында кездесу өтеді. Аман Тасыған тележүргізушіліктен бөлек, "Talklike", "New Old Qazaqtar" сынды ютуб каналдарын жүргізеді. 

Студенттерге мастер-класс ретінде ұйымдастырылатын жиында журналистиканың түрлі мәселелері қозғалады.

Модератор: аға оқытушы Жылбек Сенбекұлы (Қазақ радиосының Әнуарбек Байжанбаев атындағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі)

Печать