НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУ БАЙҚАУЫ (РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫ ЕСЕБІНЕН)

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!

АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУ БАЙҚАУЫ (РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫ ЕСЕБІНЕН)

2020 жылғы академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған ҚР БҒМ 28 қаңтар 2020 жылғы №39 бұйрығын орындау мақсатында Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ хабарлайды! 2020 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен Еуропа елдері пен АҚШ университеттер қатарынан ЖОО-серіктестерімен студенттермен алмасу бағдарламалары бойынша барша ниет білдірген бакалавриат студенттеріне байқау ашық деп жариялайды!

Байқауға қатысу үшін қажетті құжаттар (міндетті түрде):

  1. Паспорттың түрлі-түсті көшірмесі (+ түрлі-түссіз көшірмесі);
  2. Ағымдағы үлгерімі туралы транскрипт (қол және мөрқойылған) – Студенттерге қызмет көрсету орталығынан алынады;
  3. IELTS сертификаты(немесе TOEFL, PDT-да ескеріледі) – түпнұсқа+көшірме;

*егер тілдік сертификат болмаған жағдайда, студент шетелдік университеттен өзінің шет тілі деңгейімен алдын-ала қабылдауға келісімін беру туралы ресми хатты ұсына алады

  1. Байқауға қатысу үшін өтініш нысан бойынша (қосымшада деканның және кафедра меңгерушісінің қолдары жеткілікті);
  2. 18 жасқа толмаған үміткерлер үшін ата-аналарының (заңды өкілдерінің) жазбаша келісімі;
  3. Студенттің артықшылықты мәртебесін растайтын құжаттар (көп балалы отбасылар, жетімдер, мүгедектік) – болған жағдайда.

Байқауға ТЕК қана бакалавриат студенттері қатыса алады.

Жоғарыда көрсетілген құжаттардың толық пакетін студент оқу басқармасының халықаралық бағдарламалар бөліміне 2020 жылдың 18 ақпанға дейін тапсыруы тиіс.

(№1 ОҚУ ҒИМАРАТЫ, 112 КАБИНЕТ)

Печать