Жас ғалымдар: ғылым мен білімнің диалогы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

 

Ақпараттық хат

2018 жылдың 8-ші ақпанында Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті Жас ғалымдардың «Жас ғалымдар: ғылым мен білім сұқбаты» атты V Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді. 

Конференцияның мақсаты мен міндеті: жас ғалымдардың ғылыми ізденіс бағыты мен білім беру саласының маңызды мәселелерін талдау, ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы мен Астана қаласының 20-жылдығы контекстінде тәжірибиелермен алмасудың және жаңа идеяларды қалыптастырудың алаңын ұйымдастыру.     

Конференция жұмысының негізгі тақырыптық бағыттары:  

  1. Ұлттық сана трансформациясы: тарихи тәжірибе және рухани жаңғыру.
  2. Латын графикасына өту - заман талабы.  
  3. Астана қаласы – жаңарған Қазақстанның астанасы.
  4. Лингвомәдени методология тұрғысынан шет тілінде білім беру мәселесі.
  5. Қазіргі лингво-филологиялық зерттеулер.
  6. Тілдер мен мәдениеттердің қызметтік-прагматикалық типологиясы тұрғысынан аударма ісі мен мәдениетаралық байланыс мәселелері.
  7. Қазіргі әлемдік саясат, халықаралық интеграциялық және геосаяси үдерістер.
  8. Қазіргі халықаралық және ұлттық құқық мәселелері.
  9. ҚР әлеуметтік жаңғыру жағдайында Қазақстанның стратегиялық басымдықтары мен экономикалық мүдделерін қорғау механизмдері.
  10. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың қазіргі заманғы даму үрдістері (шығыстану, менеджмент, туризм және т.б.).

Конференцияға қатысу: тікелей, сырттай.

Өтінімдер мен мақалаларды тапсыру мерзімі: 2018 жылдың 30-қаңтарына дейін.  

Мақаланы шығару құны: 2 500 теңге.  

Мақалалар жинағын тарату ұйымдастырылмайды (өзіңіз алып кетуіңіз керек).

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.   

Өтінімдер мен баяндама тезистерін, төлемнің скан көшірмесін мына электронды поштаға жіберулеріңізді өтінеміз: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.. Жауапты тұлға: Шаймарданова З.Д.

Ұйымдастырушы комитет Конференция тақырыбына сай емес және талаптарға сай ресімделмеген мақалаларды қабылдамауға құқылы.  

Іс-шараның өтетін күніне дейін конференция материалдарының жинағын басып шығару жоспарлануда.

Конференцияның өтетін орны: Алматы қаласы, Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ, Мұратбаев көшесі, 200, Көк зал, №1 оқу ғимараты.   

Анықтама телефоны: 87272 92 03 84 (ішкі1074).

Баяндамаларды ресімдеу талаптары

Көлемі - Microsoft Word пішімінде 5-7 бет көлеміндегі мақала; Параметрлері: Times New Roman қарпінде; өлшемі – 12; жол аралығы – 1пт; азат жол – 1,25; жиек сызықтары: барлық жағынана 2 см.-ден. Мәтінде сурет, сызбалар мен кестелер болмауы керек және мәтін тасымалданбайды.

Мақала беттері қойылмауы тиіс. Сілтемелер ГОСТ 7.5-98 және  ГОСТ 7.1-2003 негізгі басылым стандартына сай жасалуы керек.

Мақаланың электронды нұсқасының дұрыс рәсімделуін қадағалаңыз.

Жоғарғы оң жағына мақаланың «ӘОЖ-ды қойылады, сол жағына – автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, лауазымы, мекеменің толық атауы жазылуы керек. Мақала атауы беттің ортасында қалып шрифтпен жазылуы тиіс және мақала атауынан кейін нүкте қойылмайды. Бір жолдан кейін алдымен ағылшын тілінде, содан кейін қазақша аңдатпа мен тірек сөздер беріледі (8-10 жол). Содан кейін мақала мәтіні басылады.  Мақаланың аяғында әдебиеттер тізімі беріледі. Қазақша мақалада «Әдебиеттер», орысша – «Литература», ағылшынша – «References» – деп көрсетілуі керек.  

Электронды нұсқасында файл мақала авторының атымен сақталуы тиіс. Материалдар барлық талаптарға сай мұқият редакцияланған болуы қажет. Аталған конференция тақырыбына, ресімдеу талаптарына сәйкес келмейтін және ұйымдастыру комитетіне бекітілген мерзімнен (2018 жылғы 30 қаңтар) кешіктіріліп ұсынылған мақалалар конференция материалдарының жинағына енгізілмейді және авторға қайтарылмайды.

Орыс тіліндегі мақаланың ресімдеу үлгісі ұсынылады.

Үлгі:

ӘОЖ  94(560):355.48

Мұхтарқызы C.,

магистрант КазУМОиМЯ имени Абылай хана

Специальность «6М020900-Востоковедение»

Алматы, Казахстан

e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ ОСНОВА ИССЛЕДОВАНИЯ «ВОЙН ПАМЯТИ»

В статье рассматриваются концептуальные основы исследования «войн памяти», методологические разработки «коллективной памяти», взаимодействие между национальным самосознанием и коллективной памятью, основы формирования «политических мифов».

Ключевые слова: войны памяти, коллективная память, политический миф, изобретение традиций.

Mukhtarkyzy S.,

Undergraduate of Orientalism of Ablaikhan

KazUIRandWL, Almaty, Kazakhstan

e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Theoretical basis of research of "memories wars"

The article is concerned with the conceptual bases of memory wars research, methodological development of “collective memory”, the interaction between national identity and collective memory, bases of “political myths” formation.

The author comes to the conclusion that human reality - the reality is socially constructed. Collective memory is one of the main components in the society development. It is impossible without it to imagine the existence of the community

Keywords: war memories,  collective memory, political myths, invention of tradition.

Текст статьи

Автор приходит к выводу, что человеческая реальность – это реальность социально конструируемая. Коллективная память является одним из главных компонентов в развитии общества. Без нее невозможно представить себе существование социального сообщества [2, c.5]. 

Обращение к изучению «войн памяти» представляет собой одно из новых и перспективных направлений в современном востоковедении, позволяет существенно расширить горизонты познания прошлого, дает новые ответы на старые проблемы, а также ставит и решает ряд принципиально иных исследовательских задач.

ЛИТЕРАТУРА

  1. Хальбвакс М. Социальные рамки памяти. - М., 2009. – 236 с.
  2. Хальбвакс М. Коллективная и историческая память // Неприкосновенный запас. Дебаты о политике и культуре. – 2005. - № 2-3 (40-41). – С. 8-27.
  3. Адорно Т.В. Что означает «проработка прошлого» // Неприкосновенный запас. Дебаты  политике  и культуре. – 2005.  - № 2-3 (40-41). – С. 36-37.
  4. Бергер П., Лукман Т. Социальное констурирование реальности. Трактат по социологии знания. -  М., 1995. -  356 с.
  5. Hobsbawm E. Introduction: Inventing Traditions // The Invention of Tradition. Еd. by E. Hobsbawm and T. Ranger. - Cambridge, 2000. - P. 17.
  6. Нора П. Между памятью и историей. Проблематика мест памяти // Нора П., Озуф М., Пюимех Ж., Винок М. Франция – память. - СПб., 1999. - С. 17–50.
  7. Галиев А.А. Этнополитические процессы у тюркоязычных народов: история и ее мифологизация: дисс. ... д.и.н. - Алматы, 2010. - 310 с.
  8. Главу Samsung арестовали по делу о коррупции [Электронный ресурс]. - Режим доступа URL: http://www.bbc.com/russian/news-39000631- (дата обращения 10.09.2017).

Қатысуға өтінім

Тегі

 

Аты

 

Әкесінің аты

 

Мекеме аты

 

Ғылыми дәрежісі, ғылыми лауазымы

 

Қатысу формасы  

 

Мекен-жайы

 

Телефоны

 

e-mail

 

Секция нөмері мен аты

 

Мақала тақырыбы

 


РЕКВИЗИТ
ТЕР

«Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері Университеті» АҚ

Заңды мекен-жайы:

050022, Алматы қаласы, Мұратбаев көшесі, 200

Банктік реквизиттары:

РНН 600700016 904

ИИК   KZ 358 560 000 000 010 712

АГФ     АО Банк Центр Кредит

БИК       KCJB KZ KX

Кбе 16

БИН 011140001654

 

Мақаланы басып шығару бағасы-   2500 теңге.

Ақша аударым кезінде міндетті түрде «Абылай хан атындағы ҚХҚжәнеӘТУ конференциясына қатысу үшін нысаналы жарна» деп көрсетіңіз.

Алматы қаласының тұрғындары Университет бухгалтериясына төлеу мүмкіндігі бар.

 

 

 

 

Печать