«Шеттілдік білім беру: озық тәжірибелер, жаңашылдығы мен болашағы» конференциясы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

Ақпараттық хат

         2018 жылдың 12-13 қарашасында  Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар  және әлем тілдері университеті «Шеттілдік білім беру: озық тәжірибелер, жаңашылдығы мен болашағы» атты V ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

       Конференцияның мақсаты: шеттілдік білім беру  мен әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар тәжірибесін ой елегінен өткізу,  жоғары оқу орындары мен білім беру ұйымдары арасында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында шеттілдік білім беру және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы инновациялық тәжірибелермен бөлісу үшін халықаралық сұхбат алаңын құру.

         Конференция  жұмысының негізгі тақырыптық бағыттары:

  1. ТМД және ШЫҰ елдерінің лингвомәдениетанымдық әдіснамасы негізіндегі шеттілдік білім беру парадигмасы.
  2. Қазақстан Республикасындағы үштілділік мәнмәтініндегі лингвомәдениетанымдық әдіснамасы негізіндегі шеттілдік   білім беру парадигмасы.
  3. Мемлекеттік тіл реформасы – қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының маңызды мәселесі.
  4. Бейіндік мектепте білім берудегі құзыреттілік тәсіл.
  5. Шетел тілін ерте жастан оқытудың инновациялық технологиялары.
  6. Кәсіби шеттілдік білім беруді құзыреттілік үлгілеу.
  7. Аударма және мәдениетаралық қатысымның талдап түсіндіру алаңы.
  8. Лингвистика және шетел филологиясының теориялық және қолданбалы қырлары.
  9. Заманауи ақапараттық-қатысымдық жүйелер мен технологиялар шеттілдік білім берудің құрамдас бөлігі ретінде.
  10. Жастардың патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбиесі.
  11. Заманауи саяси үдерістегі өзгерістер және әлемдік саяси жүйедегі жаһандық ілгерілеу.
  12. Заманауи халықаралық және ұлттық құқықтың дамуындағы өзекті үрдістер.
  13. ҚР әлеуметтік жаңғыру жағдайындағы Қазақстанның стратегиялық артықшылықтары және елдің экономикалық мүддесін қорғау тетіктері.
  14. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың (шығыстану, менеджмент, туризм және т.б.) дамуының заманауи үрдістері.

          Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға ЖОО, колледж оқытушылары, ҒЗИ ғылыми қызметкерлері, докторанттар, магистранттар, студенттер және мүдделі адамдар шақырылады.

  Конференцияға қатысу  түрі: тікелей,  сырттай.

Өтінімдер мен мақалаларды жіберу мерзімі: 2018 жылдың 26 қазанына дейін.

Мақалалар конференцияның жауапты хатшысы З.Д.Шаймардановаға жіберіледі : This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it..

Жарияланымның бағасы – 3 500 теңге, докторанттар, магистранттар және студенттер  үшін  – 2 500 теңге.

Жинақты тарату көзделмеген (өзіңіз алып кетесіз).

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Ұйымдастыру комитетінің конференция тақырыбына немесе  талаптарға сай ресімделмеген   ғылыми мақалаларды жарияламауға құқығы бар.

Тел.: 8 7272 92 03 84 (внутр.1074).

                           Баяндаманы ресімдеуге қойылатын талаптар

    MS Word мәтіндік редакторы пішімінде терілген мақала көлемі әдебиет тізімімен бірге – 5-7 бет болуы тиіс.  Беттердің өлшемі: жан жағынан 2,0 см (Word 2010 мәтіндік редакторы, КZ Times New Roman шрифті, шрифт: өлшемі – 12, жол аралығы – 1пт, азат жол -1,25 см). Беттер нөмірленбейді, тасымал жасауға болмайды. Әдебиеттерге сілтемелер  ГОСТ 7.5-98 «Журналдар, жинақтар, ақпараттық басылымдар. Жарияланатын материалдарды баспалық ресімдеуге» және мақалаға қатысты библиографиялық тізімдемелерді ГОСТ 7.1-2003 «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар мен құрастыру ережелеріне» [2,с.5] сәйкес беріледі. Электронды құжатты ресімдеуге назар аударыңыз.

  Сол жақтан жоғарыда мақаланың ӘОЖ (УДК, UDC), әрі қарай оң жақтан  - кәдімгі шрифтімен автор(лар)дың фамилиясы, аты-жөні, дәрежесі, ғылыми атағы, қызметі, ұйымның, қаланың, елдің толық атауы жазылады. Баяндаманың тақырыбы  қарайтылған шрифтімен беттің ортасына орналастырылады, тақырып атауының соңына нүкте қойылмайды. Әрі қарай бос жолдан соң ағылшын тіліндегі түйіндеме және тірек сөздер, содан кейін мақала жазылған тілдегі (қазақша немесе орысша, 8-10 жол, 70-90 сөз) тірек сөздер мен түйіндеме орналасады. Содан кейін мақаланың мәтіні жазылады. Суреттер беттің ортасына мәтін бойынша сілтемеден соң қойылады; пішімі – кез келген Microsoft Word редакторын   қолданады; жоғарғы және төменгі жағында бос орындар қалады. Суреттің атауы сурет астындағы жазбадан бір жолдан кейін сурет (1-сурет ...) нөмірінен соң жазылады. Сурет атауының соңына нүкте қойылмайды. Кестелер  беттің ортасында оған берілген сілтемеден кейін орналастырылады. Кестеден кейін бос жол қалдырылады. Кестенің атауы кестенің үстіне азат жолдан 1,25 см (1- кесте ... ) кесте нөмірінен соң жазылады. Шрифт: Times New Roman, кегль – 12, кіші әріппен, ені бойынша туралау. Кесте атауы мәтіннен жоғары жағынан бос жол арқылы ажыратылады. Кесте атауынан соң нүкте қойылмайды. Мақала соңында әдебиеттер тізімі беріледі: егер мақала қазақ тілінде болса «Әдебиет», орыс тілінде жазылса – «Литература», ал ағылшын тілінде – «References»  деп жазылады.

  Егер мақала қазақ және орыс тілдерінде болса, міндетті түрде автор туралы мәліметтер, мақаланың атауы, түйіндемесі (сөздің өзі жазылмайды) және тірек сөздер ағылшын тілінде беріледі. Егер мақала ағылшын тілінде жазылса, автор туралы мәліметтер, мақаланың атауы, түйіндеме және тірек сөздер тек қазақ тілінде, ал мақала орыс тілінде болса – автор туралы мәліметтер, мақаланың атауы, түйіндеме және тірек сөздер тек ағылшын тілінде беріледі.

  Файл атауы автордың (немесе бірінші автордың) фамилиясына сәйкес келуі тиіс.

  Ұсынылған материалдың конференция тақырыбына және ғылыми басылым талаптарына сәйкес келмеуі жағдайында ұйымдастыру комитетінің мақаланы жариялаудан бас  тарту құқығы бар. Қолжазбалар қайтарылмайды.

Мысалы:

УДК  94(560):355.48

Мұхтарқызы C.,

магистрант КазУМОиМЯ имени Абылай хана

специальность «6М020900-Востоковедение»

Алматы, Казахстан

e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ ОСНОВА ИССЛЕДОВАНИЯ «ВОЙН ПАМЯТИ»

 

В статье рассматриваются концептуальные основы исследования «войн памяти», методологические разработки «коллективной памяти», взаимодействие между национальным самосознанием и коллективной памятью, основы формирования «политических мифов».

Ключевые слова: войны памяти, коллективная память, политический миф, изобретение традиций.

Mukhtarkyzy S.,

Undergraduate of Orientalism of Ablaikhan

KazUIRandWL, Almaty, Kazakhstan

e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Theoretical basis of research of "memories wars"

The article is concerned with the conceptual bases of memory wars research, methodological development of “collective memory”, the interaction between national identity and collective memory, bases of “political myths” formation.

The author comes to the conclusion that human reality - the reality is socially constructed. Collective memory is one of the main components in the society development. It is impossible without it to imagine the existence of the community.

Keywords: war memorie»,  collective memory, political myths, invention of tradition.

Текст статьи

Человеческая реальность – это реальность социально конструируемая. Коллективная память является одним из главных компонентов в развитии общества. Без нее невозможно представить себе существование социального сообщества [2, c.5]. 

Обращение к изучению «войн памяти» представляет собой одно из новых и перспективных направлений в современном востоковедении, позволяет существенно расширить горизонты познания прошлого, дает новые ответы на старые проблемы, а также ставит и решает ряд принципиально иных исследовательских задач.

ЛИТЕРАТУРА

  • Кунанбаева С.С. Теория и практика современного иноязычного образования. - Алматы, 2010. – 344 с.
  • Андреева Г.М. Социальная психология. – М.: Аспект Пресс, – 363 с.
  • Кайыржанова Н.С. Развитие межкультурной коммуникации на основе коммуникативных ситуаций // Известия КазУМОиМЯ им. Абылай хана. Серия «Педагогические науки». – 2017. - № 1 (44).- С. 100-109.
  • Hobsbawm E. Introduction: Inventing Traditions // The Invention of Tradition. Еd. by E. Hobsbawm and T. Ranger. - Cambridge, 2000. - P. 17.
  • Галиев А.А. Этнополитические процессы у тюркоязычных народов: история и ее мифологизация: дисс. ... д.и.н. - Алматы, 2010. - 310 с.
  • Главу Samsung арестовали по делу о коррупции. - Режим доступа URL: http://www.bbc.com/russian/news-39000631- (дата обращения 12.10.2018).

Если ресурс на каз.яз.: Кіру режимі:  www.profile.kz - (қаралған күні 30.01.2018).

Если ресурс на англ.яз.: Access mode: www.languages.com.  Accessed 12.10.2018.

Қатысуға тапсырыс беру

Тегі

 

аты

 

Әкесінің аты

 

Ұйым атауы

 

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

 

Қатысу түрі

 

Пошта мекенжайы

 

Телефон

 

e-mail

 

 Конференцияның тақырыптық бағыты

 

Баяндама тақырыбы

 


РЕКВИЗИТ
ТЕР

« Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ.

Заңды мекенжайы:

050022, Алматы қаласы, Муратбаев көшесі, 200

Банктің реквизиттері:

РНН 600700016 904

ИИК   KZ 358 560 000 000 010 712

АГФ     АО Банк Центр Кредит

БИК       KCJB KZ KX

Кбе 16

БИН 011140001654

Ақшаны аудару кезінде «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәне ӘТУ-де 11-12 қарашада өтетін ХҒТК конференцияға қатысу үшін мақсатты жарна төлеу» деп міндетті түрде көрсетілуі тиіс.

Алматыда тұратындар   Абылай хан атындағы ҚазХҚжәне ӘТУ бухгалтериясында төлей алады.

Печать