Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ 2016 жылы 4 ақпан күні «Жас ғалымдар: ғылым және білім диалогы» жас ғалымдардың III-і Республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті 2016 жылы 4 ақпан күні «Жас ғалымдар: ғылым және білім диалогы» жас ғалымдардың III-і Республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді

Конференцияның мақсаты: Жас ғалымдардың білім беру мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының көкейкесті мәселесінің спектрін жинақтау, «Ұлт жоспары - 100 қадам», «Мәңгілік Ел», Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына контекстінде тәжірибемен алмасу және жаңа идеяның генерацияларын жасау.

Конференция жұмысының негізгі тақырыптық бағыттары Конференция жұмысының негізгі тақырыптық бағыттары 

  • Шетел тілінде білім беру инновациялы-ақпараттық кеңістігі
  • Филология-лингвистика зерттеулері мен аударманың қазіргі мәселелері
  • Халықаралық кеңістігіндегі ғылым салалары бойынша өзекті мәселелері: мәдениетаралық коммуникациясы, халықаралық қатынастар, геосаясат мәселелері, аймақтану және туризм
  • Экономикалық дамудың жаһандық проблемалары
  • Қазақстан жолы - азаматтық құндылықтар мен қазақстандық патриотизм басымдықтарын қалыптастыру негізі
  • Конференцияға қатысу түрі: тікелей, сырттай
  • Өтініштер мен мақалаларды қабылдау мерзімі  2016 жылдың 20 қантарына дейін
  • Жарияланым жарнасы – 2500 теңге
  • Жинақтың таратылуы қарастырылмаған (өздігінен алу).
  • Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын
Мақалалар, өтініштер және сканерленген төлем түбіртектері конференцияның жауапты хатшысы Шаймарданова З.Д. This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық адресі бойынша жіберіледі.
Ұйымдастыру комитеті конференцияның тақырыбына немесе ғылыми мақалаларды рәсімдеу талаптарына сай келмейтін ғылыми мақалаларды қабылдамауға құқығы бар.
Материалдар жинағының шығарылуы конференцияның басталуына дейін жоспарлануда. Анықтама телефоны: 87272 92 43 87

Толығырақ

Печать