«Ұлы бабалар ізімен»

Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТ университетінде  Қазақстанның қасиетті жерлерінің интерактивті картасы, «Ұлы бабалар ізімен» атты  жастар саяхаты  бағдарламасының және жастардың ішкі туризмін дамыту жобасының тұсаукесері өтті.

2019 жылдың жазында «Almaty Nomad» сакяхатшылар клубы ҰБА-ның  «Азаматтық бастамаларды қолдау» орталығының қолдауымен Қазақстанда жастардың ішкі туризмін дамыту бойынша жобаны жүзеге асырды.  Жоба нәтижесінде «Тұран» телеарнасында жастардың бірқатар телебағдарламалар, 150 объекті көрсетілген Қазақстанның киелі жерлерінің интерактивті картасы, сондай-ақ ғаламтор желісінде  түрлі  репортаждар шығарылды.

Continue Reading

Печать E-mail

Ғылыми тәжірибе (Қостанай)

2019 жылдың  қараша айының 11-нен бастап Абылай хан атындағы ҚазХҚжәне ӘТУ-де А.Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің «6М021000- Шетел филологиясы» мамандығы бойынша 2 оқу жылының магистранттары Н.И.Буяновский және Ж.М.Муслимованың ғылыми-зерттеу тағылымдамасы басталды.

Continue Reading

Печать E-mail

ХҚФ студенттері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-гі дөңгелек үстелге қатысты

2019 жылы 19 қарашада Халықаралық қатынастар және аймақтану кафедрасының оқытушысы – А.М.Исалиева өзінің "Саясаттану" пәні аясында халықаралық қатынастар факультеті студенттерімен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өткен "Үшінші мыңжылдықтың жастары: саясат туралы диалог" атты дөңгелек үстелге қатысты.

Continue Reading

Печать E-mail

Халықаралық қатынастар факультеті студенттерінің ТДМ жүзеге асырылуына үлес қосу әрекеттері

2019 жылы 18 қарашада БҰҰ-ның Алматы қаласындағы өкілдігінің шақыруы бойынша ХҚФ студенттері Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру мәселелеріне арналған дөңгелек үстелге қатысты.

Студенттер өз баяндамаларымен сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды. Әр баяндама ақпараттық талдау мәліметтерімен және барлық қатысушыларды қызу пікірталасқа тартумен өтті.

Continue Reading

Печать E-mail

ХҚФ "Еркін сөйле" конференциясында

Бұл жолы ХҚФ студенттері және ХҚ мен Аймақтану кафедрасының аға оқытушысы - Жакупов Р. К. "Еркін сөйле" атты конференцияда болды. Оған "Қазақстанның жаңа 100 тұлғасы" жобасының жеңімпаздары, медиалық тұлғалар, қоғамдық пікір көшбасшылары және басқа да қоғам қайраткерлері қатысты. Студенттер үшін әр спикердің сөз сөйлеуі өте әсерлі болды, әсіресе шешендік қабілеті жоғары жас белсенділердің бірі - Қуат Амир есте қалды,ол қызықты оқиғаларды айтып, жеке және кәсіби өмірде пайдалы болатын  кеңестерімен бөлісті.

Continue Reading

Печать E-mail

Тұрақты даму мақсаттар (ТДМ) бойынша алғашқы аймақтық саммит

Абылай хан атындағы ҚазақХҚжәнеӘТУ мен Алматы қаласындағы БҰҰ-ның Өкілдігі арасындағы ынтымақтастық туралы келісімі аясында, 2019 жылдың 16 қарашасында ХҚФ студенттері (Айидам Туйгунова, Камила Сейдазимова, Аяулым Теміржан) және декан орынбасары А. М. Исалиеваға Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру үшін қаржы құралдарын жұмылдыру ТДМ бойынша алғашқы аймақтық саммитке делегат ретінде қатысу мүмкіндігі бұйырды.  Саммит Ұлттық экономика министрлігінің қолдауымен Азия Даму Банкі және Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының ұйымдастырумен жоғары деңгейде өтті.

Continue Reading

Печать E-mail

Корейтану

2019 ж. 11-17 қараша аралығында Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Шығыстану факультетінде 2-ші корейтану апталығы өткізілді. Корейтану апталығы аясында Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ корейтану орталығы Коре серіктестік университетінің (Корея Республикасы) қатысуымен қонақ дәрістер, корейтану бойынша 10-шы Орта-Азиялық олимпиада және ТМД жас корейтанушы-ғалымдардың 5-ші конференциясын өткізді.

Continue Reading

Печать E-mail

«Жоғары білім беру сапасы мәдениетінің тиімді тәжірибесін дамыту: бенчмаркинг және резервтерді іздеу» VI Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

12-13 қарашада Абылай хан атындағы ҚХҚжӘТУ-де «Жоғары білім беру сапасы мәдениетінің тиімді тәжірибесін дамыту: бенчмаркинг және резервтерді іздеу» - атты ғылыми-практикалық конференция өтті.

Continue Reading

Печать E-mail

Қазақ радиосы Алматы филиалының бас редакторымен кездесу

08.10.19 университетіміздің "Менеджмент және халықаралық коммуникация" факультетінің "Халықаралық коммуникация" кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақ радиосы Алматы филиалының Бас редакторы, белгілі радио журналист Бақыт Жағыпарұлы Құтпанбаевпен кездесу өтті. Кеш қонағы өзінің журналистика саласындағы тәжірибесімен бөлісіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Жүргізуші-модератор, аға оқытушы Жылбек Керімбек кездесу қызықты өту үшін студенттермен интерактивті байланыс орнатты. Оларға осы кеш жайында тез арада әлеуметтік желілерде ақпарат тарату жөнінде тапсырма берді.

Continue Reading

Печать E-mail

Халықаралық қатынастар факультетінің студенті Пәкістанда

27 қазан - 3 қараша 2019 жылы біздің факультетіміздің 2 курс студенті Байрамов Рустем Пәкістанда өткен Халықаралық студенттер апталығына қатысып келді.

Аталмыш іс-шараға қатысу арқылы біздің Рүстем болашақ әріптестерімен танысып, дипломаттармен пікір алмасу арқылы жаңа идеяларға бөленді. Бұл іс-шараға әлемнің 120 елінен студенттер келді, өте қызықты жаһандық тақырыптарды талқыланды.

Continue Reading

Печать E-mail

ХҚФ студенті Мәскеуде

25 қазан 2019 жылы Халықаралық қатынастар факультетінің 2 курс студенті Янцен Эрика студенттік отрядтардың Бүкілресейлік жиынына қатысты.

Қазақстандық делегацияның басқа да қатысушыларымен бірге ол осы іс-шарадан үлкен әсер алды. Осыған байланысты Қазақстанда студенттік отрядтарды қайта жандандыру жұмысына өз үлесін қосқысы келді. Келесі күні, "Жастар KZ" қорының президенті - Бақыт Әбілхайырұлы Жаңабаев, аталмыш идеяны қолдаған, Ресей Федерациясындағы Елшіміз - Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов мырзамен кездесу ұйымдастырды.

Continue Reading

Печать E-mail

Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін қазақ және қытай тілдерінде мәнерлеп оқу

Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-дің Шығыстану факультеті мен Конфуций институтының ұйымдастыруымен қазақтың  ұлы ақыны, философы, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай Алматыдағы ЖОО-дар арасында "Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін қазақ және қытай тілдерінде мәнерлеп оқу" атты байқау ұйымдастырылды.

Continue Reading

Печать E-mail

Халықаралық ғылым және бейбітшілік апталығы

Халықаралық ғылым және бейбітшілік апталығы аясында 6 қараша 2019 жылы Халықаралық қатынастар факультетінде дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оған БҰҰ Ғаламдық коммуникация департаментінің өкілі - Властимил Самек, ХҚФ деканы З. Д. Шайморданова, ХҚФ 2, 3, 4 курс студенттері қатысты.

Continue Reading

Печать E-mail

ХҚФ және ШФ "ZhasylAlmaty" экологиялық акциясында

2019 жылы 26 қазанда Алматы қаласы әкімдігінің Жасыл экономика басқармасы ҚР СІМ өкілдігімен, ҚР дипломатиялық қызмет ардагерлерімен және Алматы қаласы СІІ-нің ХҚФ және ШФ студенттерімен бірге Саялы шағын ауданының аумағында екі скверде "ZhasylAlmaty" экологиялықакциясынөткізді. Бағалыағаштұқымдарыныңжалпы саны 2800 дана, олардыңішіндеканадалықүйеңкі, платандар, акация, қандыағаш, терекжәнебасқа да түрлері бар.

Continue Reading

Печать E-mail

ХҚФ студенті БҰҰ Моделінде

31 қазан, 2019 жылы БҰҰ-ң 74-жылдығына орай халықаралық қатынастар факультетінің "Аймақтану" мамандығы бойынша оқитын 3 курс студенті Бисенгалиева Диана БҰҰ-ның "Жаңа жібек жолы" атты Моделіне делегат ретінде қатысты.

Continue Reading

Печать E-mail

«Шексіз шеберлік»

2019 жылдың 30-шы қазанында Халықаралық Туризм менеджменті кафедрасы "Рухани Жанғыру" орталығының  басшысы Б.Е Сержановтың қолдауымен "Шексіз шеберлік" атты көркем көрме-конкурсын өткізді. Көрмеге Туризм, Мейрамхана Ісі және Қонақ Үй бизнесі, Журналистика, Қоғаммен байланыс мамандықтарының 1 және 4 курс студенттері, сондай-ақ Халықаралық Туризм менеджменті және Халықаралық коммуникация кафедрасының оқытушылары қатысты. Қатысушылар орындалған жұмыстарын пейзаж, натюрморт, тұрмыстық композиция, реалистік бейнелер және абстрактілі мотивтер сияқты түрлі жанрларда; маймен кескіндеу, акварель, гуашь, фотосурет, көлемді аппликация, бисер өру, пэчворк, құрастыру, квиллинг сынды түрлі техникаларда ұсынды.

Continue Reading

Печать E-mail

Абылай ханның қазақ мемлекеттігін нығайтудағы қайраткерлігі

Абылай хан атындағы ҚХҚжӘТУ Халықаралық қатынастар факультеті, Қазіргі заманға Қазақстан тарихы және дүниетанымдық пәндер кафедрасы 2019 жылы 30 қазан күні «Абылай ханның қазақ мемлекеттілігін нығайтқан қайраткер ретінде қоғамдық сананы жаңғырту жағдайындағы тарихи рөлі» тақырыбында конференция өткізді. Конференция барысында қоғамдық сананы жаңғыртудың өзекті мәселелері мен Абылай ханның қазақ мемлекеттігін нығайтудағы қайраткерлігі мен тарихи рөлі сондай-ақ Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асырудағы қазіргі білім беру тенденциялары қарастырылды.  Конференцияның мақсаты Қазақстандағы қоғамдық сананы жаңғыртудың өзекті мәселелері мен Абылай ханның ұлттық тарихтағы рөлін кең көлемде насихаттау болды.

Continue Reading

Печать E-mail

«ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

2019 жылдың 28 қазанында Шығыстану факультеті Шығыс филология кафедрасының «Dilmar» ғылыми үйірмесінің (жетекшісі Бабжанова А.Б.) және қазақ филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғырудың басты құндылығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл дөңгелек үстелге Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ мен А. Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының ғалымдары атсалысты. Дөңгелек үстелді модератор ф.ғ.д., профессор Махпиров В.У. жүргізіп, Шығыстану факультетінің деканы PhD Дәуен Д.Б. кіріспе сөзбен ашты. Сонымен қатар, профессор Әлімбек Жүнісбек, профессор, академик Байынқол Қалиұлы, доцент Бейбіт Жалелұлы Ихсан, ф.ғ.к., аға оқытушы Аляз Ахмет сынды ғалымдар баяндама жасап, латын әліпбиіне көшу туралы терең мағыналы, ой саларлық мәліметтер берді. Факультетіміздің студенттері өз пікірлерімен, алған әсерлерімен бөлісті. Дөңгелек үстелді Шығыс филология кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., проф. Бүркітбай Г.Ж. қорытындылап, қатысушыларға алғыс хат табыстады.

Continue Reading

Печать E-mail

АБАЙ-ДАНА, АБАЙ-ДАРА ҚАЗАҚТА (әдеби-музыкалық кеш)

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде Қазақ филологиясы кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен  Шығыстану факультетінде 1 курс студенттері арасында ҚР Тілдері күніне  және  А.Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай-дана, Абай-дара қазақта» атты әдеби-музыкалық кеш болып өтті.

Кешті араб тілі бөлімінің 1 – курс студенттері Жаппар Аяжан, Абдулла   Арайлым жүргізіп отырды.

Continue Reading

Печать E-mail

ХҚФ студенті алтын ұтып алды

Халықаралық қатынастар факультетінің 1 курс студенті Ағыбаев Рахымжан Қазақстан Республикасының спорт шебері болып табылады. Жүзуден ҚР бірнеше рет дүркін чемпионы атанып, халықаралық жарыстарда еліміздің намысын қорғайды. Ол сондай-ақ жүзуден Қазақстан Республикасының IX жазғы чемпионатында алтын медаль ұтып келді.

Continue Reading

Печать E-mail

универсиада замена