«Қазақстан аудармашылары» Қоғамдық Қоры

2017 жылдың 16 наурызында еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының бірі- Абылай хан атындаға қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде аударма теориясы мен практикасы саласындағы мамандарды бірлестіруге және Қазақстанда аударма ісі бойынша қоғамдастық орнатуға бағытталган «Қазақстан аудармашылары» алғашқы қоғамдық қорының ашылу салтанаты өтті.

«Қазақстан аудармашылары» ҚҚ – Қазақстан Республикасы мен басқа да мемлекеттердің аудармашыларын және де аударма ісі саласындағы ғылыми қызметкерлер мен іскерлік және академиялық қоғамдастықтар өкілдерін өздерінің кәсіби және ғылыми қызметтерін белсендіру мақсатында бірлестіруді көздейтін коммерциялық емес ұйым. Бұл қордың президенті ретінде аударма және филология факультетінің деканы, доцент, филология ғылымдарының кандидаты Мизамхан Бағлан тағайындалды.

Печать