«Мәдениетаралық коммуникация контекстіндегі аударманың өзекті мәселелері» симпозиумының қатысушыларына арналған мастер-кластар

Абылай хан атындағы қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінің 75 жылдық мерейтойына орайластырылған «Мәдениетаралық коммуникация контекстіндегі аударманың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми симпозиум мен «Қазақстан аудармашылары» қоғамдық қорының ашылуы аясында университет табалдырығында бірнеше мастер-кластар өткізілді.

Мастер-кластар мақсаты аударма және мәдениетаралық коммуникация мәселелерімен аналысатын отандық және шетелдік жоғары оқу орындары ғалымдары мен оқытушыларының еркін тәжірибе алмасу мүмкіндігін тудыру болды. Мастер-кластарды АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Мысыр және Оңтүстік Кореяның арнайы шақыртылған лекторлары мен отандық ғалымдар және кәсіби аудармашылар жүргізді. 

Суреттерді жүктеу

Печать