«Аймақтану» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиада

2017 ж. 30 наурызда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті базасында ұйымдастырылған университетіміздің халықаралық қатынастар факультетінің «Аймақтану» мамандығының жалпы саны 10 адам болған қазақ және орыс топтары Аймақтану кафедрасының оқытушылары М.Ф.Шамилов, З.М.Карабаева, А.М.Исалиеваның жетекшілігімен кезекті Республикалық пәндік олимпиадаға қатысты.   Жалпы қатысқан ЖОО саны – 6.

Олимпиада нәтижелері бойынша Абылай хан атындағы ҚазақХҚжӘТУ-нің студенттері 2-орын (қазақ бөлімі - Қантарбай Жанар, Шомай Раушан, Танболат Ақниет, Амангельді Гаухар, Қажаев Азамат) және 3-орын (орыс бөлімінің студенттері - Тулеметова Камила, Курал Аслан, Ашимов Ахметкали, Кан Джульетта, Кахарман Дияр) дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар, жеке номинациялар бойынша Қантарбай Жанар («Үздік дипломат») және Тулеметова Камила («Үздік шешен», ҚР БҒМ-нің ІІІ дәрежелі дипломы) ерекше атап өтілді.

Печать