ТМД мемлекеттерінің көркем әдебиетінің жас аудармашыларының «Әртүрлі тілдер- бір мәдени кеңістік» VIII Халықаралық мектебі

2017 жылдың 17-21 сәуір аралығында Алматы қаласында Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университеті мен Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті ТМД мемлекеттерінің гуманитарлы қызметтестігінің мемлекетаралық қорының қолдауымен ТМД көркем әдебиетінің жас аудармашыларының VIII халықаралық ғылыми мектебін өткізді.

Мектептің жұмысына орыс тілінен ТМД мемлекеттерінің тілдерін және ТМД мемлекеттерінің тілдерінен орыс тіліне көркем аударма жасау аясында 190-нан аса  ғалымдар мен мамандар қатысты. ТМД көркем әдебиетінің жас аудармашыларының VIII халықаралық ғылыми мектебі көркем әдебиет және аударма мұғалімдеріне біліктілікті арттыруды көздейді.

ТМД көркем әдебиетінің жас аудармашыларының VIII халықаралық ғылыми мектебіне МГЛУ (Мәскеу), Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университет, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Солтүстік-шығыс мемлекеттік университет (Магадан), Тәжік ұлттық университет (Тәжікстан Республикасы), МГЛУ халықаралық қатынастар және әлеуметтік- саяси ғылым институты, ТМД мемлекеттерінің тіл және мәдениет бөлімі, Әзірбайжан тіл және мәдениет орталығы, МГЛУ халықаралық франкофондық зерттеу орталығы, М.К.Аммосов атындағы солтүстік-шығыс федералды университеті (Якутск), Тәжік ұлттық университетінің тәжік тіл және мәдениет орталығы, Өзбекістан ұлттық университеті, Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің қырғыз тіл және мәдениет орталығы, Молдова республикасының тіл және  мәдениет орталығы, МГЛУ украинистика орталығы, Өзбек мемлекеттік халықаралық тілдер университеті, К.Л. Хетагуров атындағы Солтүстік-осетин университеті қатысты.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 4. САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ, МАҚСАТ 17. ОРНЫҚТЫ ДАМУ МҮДДЕЛЕРІНДЕГІ ӘРІПТЕСТІКТЕР

Печать