Далянь Шет Тілдер Университетінің делегациясы біздің университетімізде

2017 жылдың 28 сәүірінде біздің университетке Далянь Шет Тілдер Университетінен  делегация келді. Делегация құрамына проф. Сунь Юйхуа ханым – ШЫҰУ ректорлар Кеңесінің төрағасы  және профессор Жень Сюемэй ханым - ШЫҰУ ректорат бастығы.

Далянь Шет Тілдер Университеті Қытайдың 8 ірі университеттердің бірі және өз саласы бойынша солтүстік-шығыс аймағындағы жалғыз толық мамандандырылған жоғары оқу орны болып саналады.

Кездесу барысында өзара тиімді ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық бойынша одан әрі даму талаптары, бірлескен ғылыми зерттеулер мен оқу бағдарламалары талқыланды. Сонымен қатар, делегация мүшелері Университетіміздің 75-жылдығымен құттықтап, үлкен табыстарға қол жеткізуін тіледі.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 4. САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ, МАҚСАТ 17. ОРНЫҚТЫ ДАМУ МҮДДЕЛЕРІНДЕГІ ӘРІПТЕСТІКТЕР

Печать