Вонкван Университетінің президенті ресми сапары, Республика Корея

2017 жыл 24 мамыр куні біздің университетке Вонкван Университетінен делегация келді. Делегация құрамында Ким Доджон мырза – Вонкван Университетінің президенті, Бае Чжонхян мырза  – жоспарлау департаментінің деканы және Ким Куван мырза – хатшылық  кенсесінің бас директоры.

Вонкван Университеті Корея Республикасының Иксан қаласында орналасқан. Корея Республикасының Білім және ғылым министрлігінің шешімі бойынша Вонкван Университеті ең үздік университеттердің бірі болып табылады.

Кездесу барысында өзара тиімді ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық бойынша одан әрі даму талаптары, бірлескен ғылыми зерттеулер мен оқу бағдарламалары талқыланды. Сонымен қатар, КазХҚжәнеӘТУ ректоры және Вонкван Университетінің  президенті мерзімін ұзарту туралы қосымша ынтымақтастық келісім-шартқа қолдарын қойды.

Печать