Аймақтанушылар - БҰҰ моделі форумының қатысушылары

31 мамыр - 02 шілде 2017 жылы аймақтану кафедрасының 3-курс студенттері (Аманкелді Гауһар, Бердібекова Жұлдыз, Қаңтарбай Жанар, Таңболат Ақниет) Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ өткен ENUIMUN (ENU International Model United Nations) халықаралық конференцияға қатысты.

Аталмыш шараға әлемнің 20 елінен 250 делегат қатысып, қауіпсіздік, саясат, мәдениет және гуманитарлы саладағы әлемдік мәселелерді талқылады. Әр сессия нәтижесінде сәйкесінше резолюциялар қабылданды.

Форум нәтижесінде белсенді қатысушылар қатарында біздің Абылай хан атындағы ҚазақХҚжәнеӘТУ аймақтанушылары да аталып марапатталды.

Печать