Аймақтану кафедрасының ПОҚ мүшелері халықаралық саясаттанушылар мектебіне қатысты

2017 жылдың 12-15 маусым күндері Алматы қаласында «Мемлекеттің тұрақты даму мәселелері: негативті әсер ету факторлары (Әзірбайжан, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мысалында)» атты саясаттанушылардың VIІІ халықаралық жазғы мектебіне аймақтану кафедрасының ПОҚ мүшелері (Жұматай Ғ.Б., Жолдасбаева Т.К., Калиева А.А., Исалиева А.М.) қатысты.

Жұмыс барысында отандық және шетелдік ғалымдардың дәрістері өткізіліп, саясаттану мен халықаралық қатынастар саласындағы мәселелер қызу талқыланды.

Қатысушылар тәуелсіз сарапшылардың пікірлерін білу арқылы, мектеп жұмысының нәтижесінде алынған ақпаратты білім беру және ғылым жолында тиімді пайдалану мүмкіндігіне ие болды.

Печать