Science-Po саяси зерттеу институтының профессоры Пьер Шабальдың қонақ лекциясы (Гавр қ., Франция)

Science-Po саяси зерттеу институтының профессоры Пьер Шабальдың қонақ лекциясы (Гавр қ., Франция).

2017 жылдың тамыз айының 28-де сағат 10.00-да Францияның Саяси зерттеу институтының профессоры, ғылым докторы Пьер Шабаль (Science-Po) (Гавр қ., Франция) мен Абылай хан атындағы КазХҚжӘТУ-нің халықаралық қатынастар факультеті ұжымының «Европа-Азия» халықаралық жобасы аясындағы бірлескен жарияланымдар және өзара ынтымақтастықтың болашағын талқылау барысындағы кездесуі өтті.

Осы күндерде, 2017 жылдың 31 тамызы, профессор Шабаль халықаралық қатынастар факультетінің оқытушылары қатысуымен "Scientific methods in humanities" және «Қазіргі кезеңде "Еуропа-Азия" аймақтық ынтымақтастықтың жүйесінде Орталықтың Азиясының рөлі: мәселелері және болашағы» тақырыптарына семинар өткізілді.

Кездесуге халықаралық қатынастар факультетінің деканы д.ф.н, проф. Раев Д.С., халықаралық қатынастар, аймақтану және базалық ағылшын тілі кафедраларының меңгерушілері мен факультеттің оқытушылары белсенді қатысты. Ғылым докторы Пьер Шабаль біздің оқытушыларымыздың "Мемлекеттік басқарма және аймақтану" (PARS, Румыния), “Қазіргі саяси қоғам"(Contemporary Political Society, Монголия) және т.б.халықаралық басылымдардағы жарияланымдарын ұсынды.

news chabal2

Печать