Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты жетекшісі Норимаса Шимомурамен кездесу

2017 жылдың 10 қазанында Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТ университетінде Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының Тұрақты өкілі Норимаса Шимомура мырзамен «БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты даму мақсаттары» тақырыбында Халықаралық қатынастар факультетінің студенттерімен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында  Шимомура мырза жасаған  презентация көрсетілді  және студенттердің  бірқатар сұрақтарына  жауап берді - терроризмге қарсы күрес, ядролық қаруды қысқарту, жаһандық жылыну, адам құқықтары сынды тақырыпта әңгіме өрбіді.  Кездесу өте жемісті болды. Шимомура мырзаның көптеген пайдалы ақпараттарына қанықтық . Талқылауды қорытындылай келе, Халықаралық қатынастар факультетінің студенттері бірлескен естелік фото суретке түсті. Өз кезегінде, Шимомура мырза студенттерге үлкен алғысын білдіріп, 24 қазанда Астана қаласында өтетін «Тұрақты даму мақсаттары» атты шығармашылық конкурсқа қатысуға ұсыныс жасады.

master class

Печать