«Жастар ортасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру» дәрісі

31.10.17, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ «Нұр отан» партиясы жанындағы университет ішілік «Алмалы Абылай хан» бастауыш партиялық ұйымы мен, Алмалы ауданының Ішкі істер басқармасынның прокуратурасы мен бірлесе отырып,  жастар арасында құқықтық мәдениетті түсіндіру негізінде «Жастар ортасындағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру» атты дәріс өткізілді.

Құқықтық базаны орындау қажеттігі және Қазақстан Республикасының қылмыстық және әкімшілік заңнамасының негізінде жастарға құқық  бұзғандағы жағдайлар туралы ақпаратты, прокурор:  полиция капитаны Ысқақов А. сөз алып студенттерге түсіндірді

Алматы қаласы бойынша, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар санының статистикалық көрсеткіштерін университетіміздің студент  жастарына  таныстыру мақсатында, Алмалы ауданының учаскелік полиция бөлімінің, полиция майоры: Байдилдаева К.А  ювеналды полиция бөлімінің учаскелік инспекторы  полиция капитаны Уразалина А.Т. статистикалық мәліметтер бойынша нақты ақпараттар берді.

master class

Печать