Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 25 жыл. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің қосқан үлесі.

13 қараша, 2017жыл Абылай хан атындағы университетте «Қазақстан Республикасының  дипломатиялық қызметіне 25 жылдығы – Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің қосқан үлесі атты дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелде: Корей  Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Араб Респубдикасы Египет, Иран, Франция Республикасы және Қазақстан Республикасы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының дипломатиялық және консулдық қызмет өкілдері белсенді қатысты.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен тәуелсіз Қазақстанның дипломатиялық қызметінің 25 жылдан астам атқарған жұмыстары ерен, достық және көпвекторлық принциптері туралы сыртқы саясатының негізінде, біздің жақын көршілерімізбен  қарым-қатынасымыз, ірі елдер мен дамушы әлемде жаңа серіктестер сенімді жүйесін құрды.

Сондай-ақ, қатысушылар халықаралық ынтымақтастық және аймақтық қоғамдық бірлестігінің «Қазақстандық дипломаттар қауымдастығы» және Алматы Дипломатиялық клубының жұмысының негізгі бағыттарын қамтамасыз етудегі ҚазХҚжӘТУ туралы баяндама ұсынылды. Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ ҚР СІМ-нің жұмыстары  қаралды.

Кездесу дөңгелек үстелінің  соңында қатысушылар алғыс білдірді және одан әрі ынтымақтастық пен жұмыс жасауға шақырды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бұйрығымен және ҚР СІМ-нің ұжымы атынан, дипломатиялық кадрларды даярлауға үлкен үлес қосқаны үшін университет ректоры Құнанбаева  Салима Сағиқызы «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің 25 жыл» мерейтойлық медалімен мараптталды.

master class

Печать