«Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени-лингвистикалық көріністердің алуан түрлілігі» атты халықаралық ғылыми-практикалық форумы

2017 жылдың 29 қараша күні Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының іске асырылуына арналған «Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени-лингвистикалық көріністердің алуан түрлілігі» атты халықаралық ғылыми-практикалық форумы өтті.

    Шараға белгілі саясат және білім қайраткерлері қатысты. Олардың қатарында: Алматы қаласындағы Ресей Федерациясының Бас консулдығының консулы, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Переверзева Ирина Владимировна, Болгария Республикасының Елшілігінің сауда-экономикалық мәселелер жөніндегі қызмет басшысы, кеңесшісі Миладин Миладинов және Вашингтон университетінің PhD докторы Джордж Рэндольф Рюкерт және т. б.

    Салтанатты мәжіліс қонақтары Қазақстандағы білім беру, саяси және экономикалық процесстерге қатысты өз ойлары мен тәжірибелерімен бөлісті.

    Сонымен қатар, конференция барысында университет ректоры Құнанбаева Сәлима Сағиқызының Қазақстандағы алғашқы болып саналатын шет тілде оқытудың теориясы мен практикасы туралы «Көп тілді тұлғалықты дамытуда когнитивтік лингвистиканың тұжырымдамалық негіздері» атты оқулықтың тұсаукесері өтті.

    Форум ұллтық бірегейлікті сақтаумен қатар халықаралық байланысты нығайта отырып, елдің бәсекеге қабілеттілікті арттыру жолындағы жұмыстарына өзіндік үлесін қосты

master class

Печать