«Қазақстанның туристік брендтері» шығармашылық жобаларының студенттік байқауы

2017 жылдың 30 қарашасында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде «Қазақстанның туристік брендтері» атты шығармашылық жобалар байқауы өтті. Конкурс Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы мен «Туған жер» мемлекеттік бағдарламасының аясында Тұңғыш Президент күні қарсаңында өтті.

Іс-шараға қатысушылар «Қоғаммен байланыс» мамандығының бірінші курс студенттері болып, қазылар алқасына бес негізгі PR-жобалар ұсынылды: «Ұлы Дала және Тамғалы тас. «Қазақтардың жоңғарлармен тарихи шайқасын импровизациялау», «Қапал тауларындағы экстремалды туризм», «Алтын Емелде «жанған адам» фестивалі», «Гастрономиялық туризм: заманауи Алматы дәмі» және «Қазақстан шөлдері. Сафари турлар».

Қазылар алқасына сарапшылар мен PR мамандары шақырылды: кино ж2не театр актері Әнуар Нұрпейісов, «Халық арна» телеарнасының бас продюсері Нұрбол Қызықбаев, Daas компаниясының бас директоры Нұржан Өтепов, «Relog» компаниясының PR-директоры Әлібек Бегалинов және «KetchUp» компаниясының шеф-повары Михаил Махмудов.

Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаз «Алтын Емелде «жанған адам» фестивалі»жобасын ұсынған топ болып,  «Кинопарк» компаниясының демеушісіне кино билеттеріне ие болды.

Екінші орынды Қазақстанның шөлдерінде сафари турларын дамытуға атсалысқан топ болып, конкурстың келесі демеушісі – «KetchUp» компаниясының гамбургерлерін сыйлық ретінде алды.

Үшінші орын Қапал тауларында экстремалды туризмді дамытуды ұсынған топқа берілді. Барлық жүлдегерлер университет атынан дипломдармен марапатталып, ал шараның үшінші демеушісі болған «Daas» компаниясы жоба 0атысушыларына пиццаларды сый етті.

Конкурсты ұйымдастыру Қазақстан тарихы мен мәдениетінің аса танымал емес ескерткіштерін ашуға және танымал етуге көмектесіп, Қазақстанның жаңа туристік брендтерін ұсынуға өзіндік септігін тигізді.

master class

Печать