Онкология және Радиология ғылыми-зерттеу институтының балалар орталығында қайырымдылық шара ұйымдастырылды

2017 жылдың 30 қараша күнінде Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің «Журналистика» мамандығының 4-курс студенттері Онкология және Радиология ғылыми-зерттеу институтының балалар орталығында қайырымдылық шара ұйымдастырды. Студенттер қолынан келетін көмек корсету үшін жиналды.

Күздің соңғы күні 2 мен 14 жас аралығындағы 8 бал-бөбектер түрлі конкурстарға қатысып, қол ұстасып әндетіп ойын ойнады. Кішкентай тәттіқұмарлар әкелінген тортпен шәй ішті. Соңында Орталықтың басшысын ізгілік идеясын қолдағаны үшін алғысын айтты, ал балалардың ата-анасы жақсы көңіл-күй сыйлағаны үшін студенттерге ризашылығын білдірді.

Университетімізге студенттердің ауыр жүк түскендерге көмектесуге дайындығы мақтаныш сезімін әкелді.

master class

Печать