Дөңгелек үстел «Қазақстан Республикасының саясаты: жағдайы, мәселелері, перспективалары»

7 желтоқсанда Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде "Қазақстан Республикасының Ақпараттық қауіпсіздігі: қазіргі жағдайы, мәселелері және болашағы" атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде пікірталасқа университет ғалымдары, оқытушы-профессорлар, студенттер, магистранттар және докторанттар белсене қатысты.

Арнайы шақырылған қонақтар мемлекет және қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар Айдос Сарым Амироллаевич және Расул Жұмалы Берекетович, орталық Азиядағы демократияны дамыту Қорының бас директоры, саяси ғылымдарының кандидаты Толғанай Үмбетәлиева Буденовна және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Қоры жанындағы сыртқы саясат пен әлемдік экономика Институтының жоба үйлестірушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Нурша Асқар Қуандықұлы және қазақстандық гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығының президенті, т. ғ. д., профессор Алияров Есенжол Қаниұлы қатысты.

Дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін нығайту үшін айқын шекаралар белгіленді, сондай-ақ, біздің мемлекетіміздің ақпараттық саясатын қалыптастыру үшін бірқатар пікірлер ұсынылды. Қатысушылар осы тақырыпқа тек қана сөз таластыра бермей, ойларын алға жылжытып, көпшілікке шығу қажеттігін айтты.

master class

Печать