«Мәдениеттің елдердің экономикалық дамуына әсері» атты дөңгелек үстел

2017 жылдың 11 желтоқсанында Абылай хан атындағы Қаз ХҚ және ӘТУ-де міндеттерді жүзеге асыру шеңберінде ғылыми-зерттеу және инновациялық-қолданбалы ұйымдастырумен  «Мәдениеттің елдердің экономикалық дамуына әсері» атты дөңгелек үстелі өтті. Шараны Университетіміздің «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру», «Шығыстану» және «Халықаралық қатынастар» факультеттері ұйымдастырды.

Шараға ҚазХҚ және ӘТУ ғалымдары, магистранттары мен докторанттары қатысты. Негізгі баяндаушы ретінде экономика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің экономика Институтының аға ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының бұрынғы қаржы бөлімінің меңгерушісі, экономикалық реформалар мен бағдарламаларды әзірлеуші, 1993-1995 жж. Қазақстан Республикасының Салық кодексінің авторы Джанатаев Такен Аримжанович болды.

Талқылаудың орталық тақырыбы қоғамда қалыптасқан экономикалық даму және құндылықтардың өзара әсері мәселесі болды.

master class

Печать