Мемлекет басшысының «Төртінші индустриалдық революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауына талқылау

2018 жылдың 18 қаңтарында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде Мемлекет басшысының «Төртінші индустриалдық революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауына талқылау болды.

Шараның модераторы университет ректоры,  ҰҒА академигі Құнанбаева Сәлима Сағиқызы болып, спикерлер ретінде: профессор Раев Д.С., э.ғ.к., доцент Құдайбергенов Н. А., с.ғ.д., профессор Жабина Ж. Р.  және т.ғ.к., профессор Рүстем Қ. Қ. сөз сөйледі.

Спикерлердің мәлімдемелері тыңдаушыларға ұлт көшбасшысы Н. Назарбаевтың 2018 жылдың 10 қаңтарында Қазақстан халқына арналған тапсырмалары туралы аудиторияны хабардар етуге бағытталған.

master class

Печать