Алматы қаласы Әкімінің Симфониялық оркестрі қайырымдылық концертін өткізді

2018 жылдың 12 ақпанында Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ студенттеріне арнап, Алматы қаласы Әкімінің Симфониялық оркестрі қайырымдылық концертін өткізді. Симфониялық оркестрімен ҚР Халық әртісі, дирижер, маэстро Мұрат Серкебаев жетекшілік етті. Концертте ҚР еңбек сіңірген әртісі Жамиля Баспакова  және Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрының солисті Олег Татамиров өз өңерлерін көрсетті.

Іс-шара ҚР Президенті Н.А. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру"  бағдарламалық мақаласының жоспарына сәйкес өткізілді.

Оркестрі белсенді қайырымдылық және ағартушылық қызметпен айналысады, әрі өскелең ұрпақты тәрбиелеуде өз үлесін қосуда. Жыл сайын мектептерде, колледждерде, университеттерде және әртүрлі оқу орындарында шефтік концерттер өтіп жатады. Біз тамаша уақыт өткізгеніміз үшін алғыс айтамыз, өйткені, классикалық музыка, сөзсіз, адамға қатты әсер етеді. Ол көңіл-күйді жақсартады, демалуға көмектеседі, нәтижелілікті  арттырады және т. б.

master class

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 1. КЕДЕЙЛІКТІ ЖОЮ, МАҚСАТ 2. АШТЫҚТЫ ЖОЮ, МАҚСАТ 10. ТЕҢСІЗДІКТІ ҚЫСҚАРТУ

Печать