Елбасы кітабінің басты тезистері, мәселелер мен ойлары талқыланды

Бұл кітапта еліміздің 26-жылғы кезеңдегі тарихы, оның авторы атынан жазылған. Кітапта көптеген тарихи фактілер және дамудың қазақстандық моделінің мәні көрсетілген: оның эволюциясы, негізгі принциптері, тетіктері мен қозғаушы күштері. Тарихи публицистика жанрында жазылған бұл кітап егеменді мемлекет құрудың негізі қаланған сәттен бастап, оның болашағына авторлық көзқарасты айқындайды, ішкі және сыртқы сын-қатерлер кезеңінде тәуелсіз елдің құрылуын түсіндіреді.

Дәуірдің үшінші толқын XXI ғасырдың екінші онжылдығының басына сәйкес: бұл кезеңге бой көтерген мемлекеттің институттарының соңғы рәсімдеулері келеді – конституциялық өзгертулер жүргізіліп жатыр, «Рухани жаңғыру» атты қоғамның санасын жаңартуды арқау еткен бағдарламасы жарияланды. Кездесуге ФПР Институтының Директорының орынбасары Нурмуратов С.Е., Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология Институтының директоры, т.ғ.д., профессор Кабульдинов З.Е., «Рухани жаңғыруды» гуманитарлық бағытта зерттейтін Орталықтың Директоры, т.ғ.д., академик Абжанов Х.М., ҚР Президентінің алдындағы стратегиялық зерттеулер Институтының бас ғылыми қызметкері с.ғ.д., Булуктаев Ю.О., ҚазХҚ және ӘТУ профессоры Раев Д.С. және біздің білім ордамызыдың еңбек сіңірген қайраткерлері қатысты.

master class

Печать