Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының магистранттары үшін ғылыми-зерттеу тағылымдамасы

2018 жылдың 19 ақпанында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының магистранттары үшін ғылыми-зерттеу тағылымдамасы басталды. Магистранттар мен докторанттардың ғылыми-зерттеу тағылымдамасы жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық туралы келісім (Меморандум) шеңберінде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің ғылыми-зерттеу зертханаларында жүзеге асырылады.

Бүгін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінде тағылымдамадан өтуге келген магистранттардың жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің деканы, доцент К.Ш.Байсұлтановамен, «6М011900 - Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының жетекшісі,  профессор А.Қ.Артықбаевамен, шетел тілін оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, доцент Ғ.Б.Жұмабековамен, «6М050400-Журналистика» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының жетекшісі, профессор Т.В.Шевяковамен, PhD докторы Д.Ж.Тектібаевалармен кездесуі өтті.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті «6М011900- Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының магистранттары «Когнитивтік-лингвомәдениеттанымдылық әдіснамаға негізделген шеттілдік білім беруді  жаңғырту» ғылыми-зерттеу қолданбалы зертханасында ғылыми тағылымдаманы бастады.

«Туран» университетінің «6M050400-Журналистика» мамандығының магистранттары «Бұқаралық коммуникация құралдары саласындағы журналистиканың негізгі бағыттары» ғылыми-зерттеу қолданбалы зертханасында ғылыми тағылымдамадан өтетін болады.

Магистранттардың ғылыми-пәндік сипаттағы тағылымдамалары дайындықтың басты құзыреттіліктерді бекіту, кәсіби деңгейін арттыру, мамандық бойынша оқыту біліктілігін арттыру және тәжірибелік дағдыларды жетілдіру, мамандықтар бойынша оқу саласындағы жаңа жетістіктермен танысу, шет тілін білуді жетілдіру және мәдени және жалпы білім беру деңгейін жоғарылатуға бағытталған.

Ғылыми тағылымдамадан өту кезеңінде магистранттарға университеттің кәсіби мамандарының сабақтарына қатысуға, магистірлік диссертациялар бойынша жетекші ғалымдардың кеңестерін алуға, сондай-ақ ғылыми мақалаларды дайындауға, желілік электронды ресурстарды пайдалануға, жеке ақпарат пен мультимедиалық ресурстарға қол жеткізуге мүмкіндік беріледі.

master class

master class

master class

master class

master class

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 4. САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ

Печать