Жыл сайынғы «ҚазХҚ және ӘТУ аруы 2018»

22 ақпан күні университетте «ҚазХҚ және ӘТУ аруы 2018» байқауының финалы өтіп, 10 үміткер қыз қатысты.

Конкурстың форматы бірнеше бағыттардан тұрды: визитка, жалпы би, таланттарды көрсету және Victoria’s Secret стиліндегі дефиле. Іріктеу кезеңінде байқаушылар қайырымдылық жәрмеңкелерін ұйымдастыруға белсене қатысқандығын атап өту керек, олардың табыстары балалар үйлеріне жіберілді.

Сондай-ақ студенттер Университет асханасына көмек көрсету күнін ұйымдастырды - олар үстелдерді жиыстыруға көмектесті,  сыртқы киіммен асханаға кіруге тыйым салып, тәптіпті қадағалады. Қыш-құмыра ісі бойынша мастер-класс өтіп, өз қолдарымен Rocket Pizza атты пиццаны дайындады.

Финалға байқау қатысушылары жете дайындалды, бұл қазылар алқасын қуантпай қоймады. Олардың арасында танымал блогерлер, «Velada Models» агенттігі және «Мисс Алматы 2017» байқауының жеңімпаздары Сабина Азимбаева және қазақ-ару Нургүл Асанова бар.

Жобаның бас демеушісі «Spasibeacoup» тіл мектебі болды, оның негізін қалаушылар Асан Паржанов пен Улжан Смадияр 2018 жылғы ҚазХҚ және ӘТУ аруы, халықаралық қатынастар факультетінің бірінші курс студенті Әділбек Алтынайға 100 000 теңге табыс етті.

master class

Печать