ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, з. ғ. д. В. В. Мамоновтың «Сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылыққа байланысты әкімшілік жауапкершілік» тақырыбындағы дәрісі

1 наурыз күні Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-де 1-курс студенттері мен «Сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылыққа байланысты әкімшілік жауапкершілік» тақырыбында дәріс оқыған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің полковнигі В.В.Мамоновпен кездесу өтті.

Дәріскер парақорлық пен басқа адамға пара берудің ауыр салдары туралы айтты. Сонымен қатар, ол жасаған істері үшін жауапкершілік абақтыға әкеп соғуының мүмкін екендігіне де жеке тоқталды. Мұндай дәрістер жас ұрпаққа тіптен өмірді бұза алатын қателіктер туралы түсінік беретінін айта кету қажет. Пара ұсынбас бұрын ойланыңыз!

master class

master class

Печать