Белгілі қоғам қайраткері, ғалым, тіл жанашыры, филология ғылымдарының кандидаты Асылы Әлиқызы Османовамен кездесу

Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінің шетел тілдері педагогикалық факультеті педагогика және психология кафедрасының ұйымдастыруымен 14.03.2018ж., сағ. 12:00 «Қыз тәрбиесі – ұлт болашағы» атты («Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасы идеясын жүзеге асыру аясында)

белгілі қоғам қайраткері, ғалым, тіл жанашыры, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Халықтары Ассамблеясының мүшесі, Алматы облысының, ОҚ Түлкібас ауданының  құрметті азаматы, «Парасат», «Достық» орденінің иегері Асылы Әлиқызы Османовамен кездесу кеші өткізілді.

Кештің мақсаты ұлттық тәрбиенің негізінде студент қыздардың ұлттық сана-сезімін жетілдіру.

Кездесу-кешімізді Педагогикалық шетел тілдері факультетінің деканы фил.ғ.д., профессор Ислам А.И. салтанатты түрде ашты.

А.Х.Темірбеков атындағы педагогика және психология кафедрасының профессоры, п.ғ.к. Жалғасова Шолпан Әбілқызы кеш қонақтарымен таныстырды. 

Кеш өте тартымды өтті. Студенттер Асылы Әлиқызына өздерін қызықтырып жүрген сұрақтарын қойып, кеш қонақтарымен өз ойларын бөлісті. Кешімізді қызықтырақ өткізу мақсатында Педагогикалық факультет студенттерінің ән-шашуларын тамашаладық.  209 топ  студенті  Байғабыл Анель, 108 топ студенті Бақытжан Ақайна өлеңдерін оқыды. 101 топ  студенті Ергазина Ажар «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» әнін шырқады.

Кешіміздің соңында кеш модераторы - п.ғ.к., профессор Жалғасова Ш.А. ана тіліміздің апологеті атанған Асылы Әлиқызы Османоваға зор денсаулық, шығармашылық табыстар тілей отырып, әрдайым жастарға рухани азық беріп, ұзақ өмір сүруіне тілектестік білдірді.

master class

master class

master class

Печать