Магистранттардың ғылыми-зерттеу тағылымдамалары

2018 жылдың 19 ақпанынан 17 наурызға дейін Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің 6М011900-«Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының магистранттары, «Тұран» университетінің 6М050400-«Журналистика» мамандығының магистранттары, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетінің 6М011900-«Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының магистранттары,

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің 6М021000-«Шетел филологиясы» мамандығының магистранттары  Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өтті.

Магистранттардың бұл тағылымдамасы жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық туралы келісім (Меморандум) шеңберінде өткізіліп отыр. Магистранттардың ғылыми-зерттеу тағылымдамасы жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық туралы келісім (Меморандум) шеңберінде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің ғылыми-зерттеу зертханаларында жүзеге асырылды.

Магистранттардың ғылыми-пәндік сипаттағы тағылымдамалары дайындықтың басты құзыреттіліктерді бекіту, кәсіби деңгейін арттыру, мамандық бойынша оқыту біліктілігін арттыру және тәжірибелік дағдыларды жетілдіру, мамандықтар бойынша оқу саласындағы жаңа жетістіктермен танысу, шет тілін білуді жетілдіру және мәдени және жалпы білім беру деңгейін жоғарылатуға бағытталды.

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетінің және Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің магистранттары тәжірибе алмасу ретінде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің магистранттары және білім беру бағдарламаларының  жетекшілерімен бірлесе отырып «Когнитивтік-лингвомәдениеттанымдық коммуникация және компетентті-модульдік үлгілеу әдіснамасы негізінде шеттілдік білім беруді жаңғырту» ІІ Инновациялық ғылыми-зерттеу зертханасы шеңберінде 2017-2019 жылдары Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дің Инновациялық ғылыми-зерттеу қолданбалы қызметінің бағдарлама жоспарының міндеттерін жүзеге асыруға арналған  «2020 жж. дейінгі ҚР ББДМБ жүзеге асыру барысында шеттілдік білім беруді жаңғырту»  тақырыбында өткізілген дөңгелек үстелге қатысып, баяндама жасады.

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің магистранттары «Мәдениетаралық қарым-қатынас және тілдер мен мәдениеттердің функционалды-прагматикалық типологиясы» І Инновациялық ғылыми-зерттеу зертханасы шеңберінде 2017-2019 жылдары Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дің Инновациялық ғылыми-зерттеу қолданбалы қызметінің бағдарлама жоспарының міндеттерін жүзеге асыруға арналған  «Мәдениетаралық қарым-қатынастың когнитивті-лингвомәдени негіздері»  тақырыбында өткізілген дөңгелек үстелге қатысып, ғалымдар мен магистранттардын  жасаған баяндамаларын талқылауға  атсалысып  отырды.

Туран университетінің «Журналистика» мамандығының магистранттары «Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) саласында журналистиканың негізгі бағыты» атты ғылыми-инновациялық қолданбалы зертханада ғылыми тағылымдамадан өтті және «Ғылыми медиа-зерттеу әдіснамасы» мастер-класына қатысты.Ғылыми тағылымдамадан өту кезеңінде магистранттарға университеттің кәсіби мамандарының сабақтарына қатысуға, магистірлік диссертациялар бойынша жетекші ғалымдардың кеңестерін алуға, сондай-ақ ғылыми мақалаларды дайындауға, желілік электронды ресурстарды пайдалануға, жеке ақпарат пен мультимедиалық ресурстарға қол жеткізуге мүмкіндік берілді.Барлық магистранттарға тағылымдамалардан өткені туралы сертификаттар салтанатты түрде тапсырылды.

master class

master class

master class

master class

master class

master class

master class

Печать