«Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

2018 жылдың 10 сәуір күні Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ «Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастырды.

Пленарлық отырысқа Властимил Самек (Алматы қаласындағы БҰҰ Қоғамдық ақпараттар департаментінің директоры), Бультриков Р. И. (ҚР СІМ Алматы қаласындағы Өкілдігінің басшысы),

Соколов С. А. (Алматы қаласындағы РФ Бас консулдығының Консул-кеңесшісі), Бижанов А. Х. (ҚР БжҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры), Мунхбаяр Энэбиш (ҚР Монғолия Елшілігінің Алматы қаласындағы Өкілдігінің басшысы), Никитин А. И. (МГИМО университеті, Еуроатлантикалық қауіпсіздік орталығының директоры), Фэн Юйцзюнь (Фудань университетінің халықаралық қатынастар факультетінің деканы, Ресей және Орталық Азия бойынша сарапшысы), Шаймарданова Зара Джуандыковна (Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-дің ғылыми және инновациялық қызмет бойынша бас маманы) сынды саясат және білім беру саласындағы көрнекті сарапшылар қатысты.

Кездесу модераторы ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректор - Саханова Ардақ Наурызбайқызы болды.

Конференция барысында Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын дамыту мәселелері көтерілді. Қатысушылар Қазақстан Республикасы әлемдік аренадағы саяси және дипломатиялық қарым-қатынастардағы маңызды рөлін және халықаралық қатынастардың толыққанды актері болып табылатынын атап өтті. Қонақтар іс-шараның ұйымдастырушыларына алғыстарын, ҚР СІМ Алматы қаласындағы Өкілдігінің басшысы Бультриков Руслан Искандерович атап өткендей, халықаралық қатынастар саласында жұмыс істейтін мамандарды көптеп дайындайтын Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетімен әрі қарайғы ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.

master class

Печать