Пуатье Университеті делегацияларының ресми сапары, Франция

2018 жылғы 3 - 5 сәуір кундері аралығында біздің университетке ресми сапармен Пуатье Университетінен, Франция делегация келді. Делегация құрамында Патриса Нодэн, Филипа Рожон, Корин Дэльбар, Личии Бажини және Изабель Миллон профессорлары бар.

Францияның Білім министрлігінің шешімі бойынша Пуатье Университеті Францияның үздік университеттерінің бірі болып табылады.

Ресми кездесу барысында Абылай хан ат. ҚазХҚ және ӘТУ ректоры мен Пуатье университетінің өкілдері арасында бүгінгі проблемалар және біздің университеттеріміздің одан әрі өзара тиiмдi ынтымақтастық орнату сұрақтары талқыланды. Сонымен қатар, делегацияның іскери кездесулерінде біздің университетіміздің студенттері, қызметкерлер мен мұғалімдер үшін академиялық ұтқырлық бағдарламаларын дамыту, зерттеу және білім беру бағдарламаларының бірлескен жобалары бойынша әріптестікті кеңейтуді қоса алғанда, әр түрлі бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру, Франкофон университетінің қауымдастығы (AUF), екі жақты диплом бағдарламалары бойынша және Erasmus+ жобасы аясында ынтымақтастықты жалғастыру мәселелері талқыланды.

Сапар барысында делегация мүшелері «Абылай хан ат. ҚазХҚ және ӘТУ Халықаралық франк-қазақ күндері» атты салтанатты рәсіміне қатысты, сондай-ақ, біздің студенттер, магистранттар, докторанттар мен профессор-оқытушылар құрамы үшін ағылшын, итальян және француз тілдерінде дәрістер мен ғылыми семинарлар өткізді.

Печать