Наурыз-2018

Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем тілдері Университеті 20 сәуір күні Наурыз мейрамын орасан зор түрде өткізді. Бұндай мейрамды ұйымдастыруға білім ордасының барлық профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты. Жоғары оқу орнымыздың ақсақалдары Қазақстан Республикасы шаңырығының астында тату тұрып жатқан барлық қазақстандарға саулық пен өркендеуді тілеп, батасын берді.

Ауыл-шатырлардың астында қазақ халқының салт-дәстүріндегі мерекелік шаралар орын алды: әдет-ғұрыптар еске алынды, студенттер мен мұғалімдер таңдаулы тағамдардың рецептерімен бөлісті. Оңтүстік Корея, Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясынан келген қонақтар Наурыз-көженің дайындалуы туралы мастер-класстар алды. Ал студенттерді университетіміз дайындаған мерекелік палау мен бауырсақтар күтіп тұрды. Шығармашылық коллективтер дайындаған концерттік бағдарлама барлығын ықыласқа бөледі.

Наурыз құтты болсын!!!

master class

Печать