«Қазақстандағы және шетелдегі Қытайтану» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

27 сәуірде «Қазақстандағы және шетелдегі Қытайтану» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Аударма тақырыбы, Қытайдың зерттеу стратегиясы және Қытай Халық Республикасымен одан әрі жемісті қарым-қатынас мәселелері талқыланды. Конференцияның модераторы профессор А.Н.Саханов болды.

Пленарлық мәжілістің жұмысына Оңтүстік-Батыс Университетінің профессоры, PhD докторы Гэн Чжунь, Абылайхан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Халықаралық қатынастар кафедрасының профессоры А.М. Амребаев, Оңтүстік-Батыс университетінің доценті Дай Юаньхун, Абылайхан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Қытай аймағы мен АТМ елдері бойынша тілдер және аударма кафедрасының профессоры Ғабитханұлы Қ., Абылайхан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Шығыстану факультетінің деканы Е.Ужкенов және басқалар қатысты.

Конференция барысында баяндамашылар «Қытайдың «Бірыңғай белдеуі - бір жол» жобасымен Қазақстанның «Нұрлы Жол» даму стратегиясын ұштастыру жағдайында тіл мамандарын дайындау», «Қытай ғалымдарының зерттеуіндегі когнитивтік лингвистика», «Жаңа кезеңдегі қытай тілінің халықаралық мұғалімдерінің сапалы дамуы», «Қазақстан мен Қытай арасындағы ұзақ мерзімді перспективада инновациялық ынтымақтастықты дамыту» атты тақырыптарды қамтыды.

Іс-шара соңында баяндамашылар Қытай мен қытай тілін зерттеудегі оң ұзақ мерзімді қарым-қатынастардың дамуына сенім білдірді.

master class

master class

master class

Печать