«Бүгінгі салауатты өмір – болашақтағы бақытқа апар жол» тақырыбында студенттік жатақханада кездесу

Тәрбие жұмысының шеңберінде «Аймақтану» кафедрасының оқытушы құрамы «Бүгінгі салауатты өмір – болашақтағы бақытқа апар жол» атты тақырыбында студенттік жатақханада кездесу өткізді.

2018 жылдың 27 сәуірінде №3 студенттік жатақханада Жакупов Р.К., Калиева А.А., Доскелдинова А.Н.  «Аймақтану» мамандығының студенттерімен «Бүгінгі салауатты өмір – болашақтағы бақытқа апар жол» атты тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға арнайы Еуропалық отбасылық білім беру институтының мүшесі – Геня Самборская шақырылды. «Сіз өкініп қалатындай жағдайларды қалай болдырмау керек?», «Дұрыс шешімді қалай қабылдау керек?», «Сіз бақытты болатын қарым-қатынастарды қалай құруға болады?» және тағы сол сияқты көптеген сұрақтар талқыланды.  Кездесу студенттер тарапынан өздерін қызықтыратын сұрақтар қойылып аяқталды.

master class

master class

Печать