Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының «Сыртқы әдеби байланыстар және аналитика» бөлімімен танысу және М.Әуезов атындағы әдеби-мемориалдықмузейін аралау

Кез–келген тарихи дәуірде әр елдің әдебиетінің даму ерекшелігі әр түрлі болғаны белгілі, сол себепті қазіргі замандағы болып жатқан әлемдік әдеби үдерістерді,  олардың өзара байланысу мен ықпалдасу мәселелерін баса назар аударып зерттеу қажет.

Осы орайда, Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университеті, Аударма және филология факультеті, Шетел филологиясы мамандығының 116 топ және 223 топ студенттері Шетел филологиясы сөйлеу тәжірибесі кафедра меңгерушісі, PhD докторы Розиева Дилфуза Сельмахунқызы жетекшілігімен осы жылдың наурыз айының 13 жұлдызындаМұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер институтының «Сыртқы әдеби байланыстар және аналитика» бөлімімен жақыннан танысып,  М.Әуезов атындағы әдеби-мемориалдық музей және ғұлама соңғы жылдары өмір сүрген үйі, бүгінде мұражай болған ғимаратқа бас бұрып, көптеген естеліктер мен артефактылармен танысты.

Әлем әдебиеті және халықаралық байланыстар бөлімін ашу туралы  М. О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты Ғылыми Кеңесінің 2001 жылдың желтоқсан айында өткен отырысында шешім қабылданды. Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, халықаралық қатынастардың кеңейіп, тереңдеу түсуінің арқасында институттың құрылымы осындай жаңа бөлімге толығуы заман талабы болатын. Кезінде әлемдік әдеби үдерістер жайында қазақстандық әдебиеттанушылардың еңбектері басылып шықпағандықтан, осы жаңа бөлімнің мақсаты – әлем әдебиеті жайлы жан–жақты зерттеу жүргізіп, қазақ оқырманына әлемдік әдеби үдерістің жаңа көрінісін беріп, қазақ әдебиетін сол үдерістің қатарына қосып, оны әлем әдебиетінің бір бөлігі етіп елге  таныту.

Бүгінде  Институт  басқа ЖОО және мекемелермен  сыртқы байланыс орнатуға жауап беретін «Сыртқы әдеби байланыстар және аналитика бөлімі» және оныңмеңгерушісі  филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ананьева Светлана Викторовна студенттерді жылы қарсы алып, Институт тарихы және құрылымын, жетістіктері мен бүгінгі тынысы жайлы кеңінен мәлімет берді және сұрақтарға тереңінен жауап берді.

Аталған кездесуде студенттер Әлем және Отандықәдебиет турасында мағлұматтар жинаумен қатар пікір алмасып, тәжірибе жинақтады. Әдеби-мемориалдық музеймен таныса отырып, тарих беттеріне көз жүгіртті.

master class

Печать