Қазақстан Республикасы Президентінің 5 әлеуметтік бастамасын талқылау бойынша дөңгелек үстел

2018 жылы 22 мамырда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттердің қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің 5 әлеуметтік бастамасы талқыланды.

Кездесудің басында ұйымдастырушылар Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстанның белгілі қоғам қайраткері, профессор Кенжебаев Сағындық Жүнісұлының 94 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Дөңгелек үстел барысында «ҚР Президентінің бес әлеуметтік бастамасы» талқыланды:

- Қазақстан Республикасының білім беру және мемлекеттік жастар саясатын дамыту стратегиясы.

- ХХІ ғасырдағы әлеуметтік қоғам: жүйелі тәсіл және білім берудегі қазіргі заманғы үрдістер.

Бұл форумның мақсаттарының бірі студенттердің қазіргі қазақстандық қоғамдағы Президенттің әлеуметтік-экономикалық бастамаларының маңыздылығы мен өзектілігін түсіндіру болды.

Талқылау барысында негізгі тақырыптардың бірі үшінші бастама болды - жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыру. Мұғалімдер байқап өткендей техникалық мамандықтар бойынша оқытуды қоса алғанда, гранттар санын ұлғайту нәтижесінде жұмыс орындарында, әсіресе инженерлік-техникалық қызметкерлерде, жастар арасында жұмыссыздық  деңгейінің төмендегені. Қатысушылар білім беру қызметтерінің сапасын арттыру мақсатында студенттерді орналастыру үшін сапалы инфрақұрылымды құру қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты кездесуде қатысушылар студенттерге арналған жатақхана салу бастамасын қабылдаудың уақтылы екенін атап өтті.

Қорытындылай келе, дөңгелек үстелдің қатысушылары Мемлекет басшысының бес жаңа әлеуметтік бастамасы әрбір қазақстандық отбасы үшін маңызы бар және әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын одан әрі жақсартуға бағытталған көптеген іргелі құндылықтарды қамтитынын атап өтті. Ел Президентінің Жолдауы біздің еліміз үшін, сондай-ақ ел үшін дамудың жаңа жолдары мен мүмкіндіктерін анықтайды. Президенттің басшылығымен олар табысты іске асырылатынына күмән жоқ.

Президенттің бес әлеуметтік бастамасын талқылауға ҚР БҒМ Ғылым комитеті философия саясаттану және дінтану институты, Қазақстан гуманитарлық конъюнктура орталығы, «Өрлеу» БАҰО АҚ, Алматы облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілікті арттыру институты қызметкерлері, ғалымдар мен саясаткерлер қатысты.

master class

Печать