Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі жас мамандардың жұмысқа орналасуына және жұмыс берушінің қажетті кадрлер табуына мүмкіндік беретін игілікті шара. Университетімізде 7 желтоқсан күні осындай шара өтті. Еңбек нарығында сұранысқа сай мамандар мен жұмыс берушілер арасында әңгімелесу, ақпарат алмасу формасында өтетін акцияға 40-тан астам жұмыс беруші мекемелер мен ұйымдар қатысты.

Бұл шараның университет түлегіне берері мол. Студент өндірістік тәжірибеден өтетін мекемелердің мамандарымен танысып, жұмысқа орналасу жайлы ақпарат алады. Сонымен қатар жұмыс берушілер де мекемеге қажетті мамандарды қарастырады. Акция барысында университет түлектері  өз түйіндемелерін бірнеше жұмыс беруші компаниялар мен мекемелерге ұсынды және жұмыс берушілерге нақты қандай маман қажеттігін, оларға қандай кәсіби талап қойылатынынан да хабардар болды.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі университет бітіруші түректер үшін өте қажетті әрі маңызды шара екенінің куәсі болдық.

Печать E-mail

универсиада замена