«Жылдың үздік студенті»

14 желтоқсан күні Республикамыздың астанасында  біздің университетіміздің менеджмент және халықаралық коммуникация факультетінің 4 курс студенті, «Студенттік ұсыныстар» орталығының төрайымы, «Көмек» волонтерлер қозғалысының жетекшісі Қинят Айжан «Жылдың үздік студенті» медалімен марапатталды.

Мыңдаған студенттердің ішінен іріктеуден өткен Айжан, Республикамыздың «үздік студенті» деп танылды. Айжанды еліміздің тұңғыш ғарышкері, қазіргі жастар үлгі тұтатын қайраткер Тоқтар Аубакиров марапаттады.

Айжанды лайықты жеңісімен құттықтаймыз, шығармашылық табыс тілейміз!

Печать