Жаңа жыл келді

Жаңа жыл-бұл  мерекені бәрі күтеді, ал балалар оны екі есе күтеді. 22 желтоқсан күні университеттің кәсіподақ комитетінің жыл сайынғы ұйымдастыруымен  оқытушылар мен қызметкерлердің балаларына арналған жаңа жылдық ертеңгілік өтті. Балалар мерекеге көңілді және әдемі әр-түрлі кейіпкерлердің образында келді.

Ұйымдастырушылар қуаныш пен көңілді атмосфераны көрсетуге тырысты. Мерекелік безендірілген шырша, ертегі кейіпкерлерінің костюмдері– осының барлығы балаларға ұмытылмас әсер қалдырды. Шыршаға "Күлше қыз"ертегісінің кейіпкерлері келді. Балалар олармен ертегіге еніп, қызықты сайыстарға қатысты. Аяз Ата мен Ақшақардың  келгенде мереке нағыз қызықты болды. Аяз Ата мен Ақшақардың назарынан тыс қалған бала болған жоқ. Барлығы суретке түсіп, тақпақтарын айтып көптен күткен сыйлықтар мен тәттілерін алды.

Печать