Қаңтар айының 6-11 күні аралығында Корея мемлекетінің Сеул қаласында «Asia Exchange Assosation жəне GKL» деп аталатын компанияның қолдауымен Азия Жастары жəне екі Кореяның бейбітшілігіне арналған форум өтті

Қазақ халықаралық қатынастар жəне əлем тілдері университетінің Шығыстану факультеті, Корей тіл бөлімінің 4 курс студенті, Бижанов Ержан қаңтар айының 6-11 күні аралығында Корея мемлекетінің Сеул қаласында «Asia Exchange Assosation жəне GKL» деп аталатын компанияның қолдауымен Азия Жастары жəне екі Кореяның бейбітшілігіне арналған форумға Қазақстанның атынан қатысып қайтты.

6 күнге созылған форумда Солтүстік пен Оңтүстік Кореяның шекарасын өз көзімен көріп, Кореяның арнайы жасақталған қару-жарақ базасын тамашалап, Солтүстік Кореяның жерін арнайы аппарат-бинокль көмегімен тамашалай алды. Сондай-ақ, соңғы күні өзі жазған "Кореяның бейбітшілігі əрі Азия жастарының рөлі" атты баяндаманы оқып, "Purlple Korea" деп аталатын жобаны қорғап, ең үздік жоба жəне баяндама бойынша үздік нəтиже алып, І-орынға ие болды. Ержан әуе билеті мен қонақ үйді қаржыландырған қолдаушыларға, Корей мемлекетін тағы бір мəрте өз көзімен көре алғандығына алғысы шексіз екендігін білдіреді. Осындай мүмкіндіктер оның шыңдалуына зор үлес тигізетіндігіне сенімді.

Печать