Алға, тек жеңіске ұмтыл!

        «Дене тәрбиесі және спорт мемлекеттің ерекше назарында болуы керек. Салауатты өмір салты – дені сау ұлттың негізі!» тақырыпты ұранмен 27 қаңтарда  студент жастар арасында үстел теннисінен спорттық жарыс өтті. Аталған шараны Елбасы жолдауында биылғы жылдың «Жастар жылы» аталу құрметіне орай Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық университеті ұйымдастырды.  Жарыста біздің университет намысын менеджмент және халықаралық коммуникация факультетінің Амиржанов Арбол, Казбеков Мағжан және Болатхан Анар есімді студенттерден  құралған топ қорғап, үшінші орынды иеленді.

Бұл спорт түрін: «Үстел теннисі – жалпыға ортақ спорт түрі, бұл спорт түрі сіздің әр таңыңыз  секілді серпінді; ол жаңалықтарды беру сияқты тез, жылдам; адамдар үшін де, біз үшін күнделікті дайындалатын жаңа, өзекті ақпарат сияқты қолжетімді» деп деп сипаттады жеңімпаз Арбол Әміржанов.

        Команда Елбасы бастамаларына қолдау көрсетіп, университет жастарына қойылған ортақ мақсат төңірегінде топтасуға шақырды.

Печать