Қазақстандық шығыстанушы Сафар Абдулло "Фараби" сыйлығының иегері атанды

Иранның парсы тілі мен әдебиеті академиясы баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, 10-шы халықаралық Фараби фестивалінің хатшылығына 5649 мақала келіп түскен. Қазылар алқасының талқылауынан кейін 16 отандық, 7 шетелдік және басқа бөлімдердегі 13 зерттеу жұмысы таңдалған.


Соның ішінде, исламдық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер бөлімінде қазақстандық доктор Сафар Абдулло "Ирантану саласындағы шетелдік үздік зерттеуші" жүлдесімен марапатталды. 
Доктор Сафар Абдулло – Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің профессоры, жазушы, шығыстанушы әрі ИИР парсы тілі мен әдебиеті академиясының тұрақты  мүшесі.

Печать